Последние новости
Домой / Новости / Город / Форумда бас қосқан ауыл жастары

Форумда бас қосқан ауыл жастары

 Семей. 27.11. “Semeyainasy” – «Семей қаласының ішікі саясат бөлімі» ММ тапсырысымен «Ауыл жастарының шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған» әлеуметтік қызметі аясында «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ауылға сенеміз- Қазақстанмен мақтанамыз!» атты өңірлік ауыл жастарының форумы өтті.

   Аталмыш жобада барысында жайдаман, ән, би, дебат, театыр жанрлары бойынша арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Ауыл жастарын қамтитын 200 ге тарта адамның қатысуымен спорттық шара өткізілді. Әлеуметтік жобаның ең қызықты кезеңі 240 сағат ауылға жобасы болды. Бұл жобаның мақсаты қалада өскен, ауыл өмірінен бейхабар жастарды ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстырып ауылдың қадыр- қасиетін ұғындыру.

  Жобаның негізгі мақсаты  ауылдың гүлденуіне түрлі салада үлес қосып жүрген жас мамандарды одан әрі шабыттандыра түсіп, еңбек жолдарына бағыт-бағдар көрстеу. Форум барысында білікті сарапшылар әр ауданнан келген 80-ге жуық белсенді жасқа семинар-тренингтер өткізілді.

  Ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан: Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараның қорытындысы бүгінгі форум болып отыр. Бір жылдық жобаның барысында көптеген шара ұйымдастырылды. Барылқ ауылдық окруктан 20 шақты жастар бүгінгі форум аясында өздерінің ойларын ортаға салып, өз ауылын қалай дамытам деген тың идеяларымен бөлісті. Біржылдық жоба өзінің мақсатына жетті. Дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылып отырған шарада қатысушылардың саныда көбейіп келе жатыр. Жастардың саясатын қолдайтын жастарды дамытатын бұл жоба келесі жылы өз жалғасын табады.

  Шара қорытындысы бойынша «Үздік презентациялық жоба» номинациясын Ертіс ауылдық округі жеңіп алды, «Үздік ауыл-2019» номинациясын Көкентау ауылдық округі иеленіп, 20 мың теңге көлемінде арнайы сертификатқа ие болды.

                                                                                              Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прием по личным вопросам

Читали: 36 Семей. 06.12. 07.12.2019 года с 08.30 до 10.30 часов в фронт – офисе …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ