Последние новости
Домой / Новости / Город / Халықаралық жазғы лагер

Халықаралық жазғы лагер

IMG-20190721-WA0054

Семей.22.03.”Semeyainasy” – Қандай да бір тілді үйренуге қызығушылық танытсаң да, сол елдің азаматынан үйрену қызықтырақ болып көрінеді. Дәл осындай қызықты білім алатын мүмкіндік Шәкәрім университетінің халықаралық факультетінің студенттерімен талапкерлеріне беріліп отыр. Америкалық нұсқаушы Мегуми Марутаның жетекшілігімен өтіп жатқан халықаралық жазғы лагердің көркін қыздыруға келген Оңтүстік Кореяның Кьюнгдонг университетінің студенттері жазғы лагер қатысушыларына екі апта бойы корей тілін, К-РОР өнерін және Таэквондо спортын үйретті. Студенттер корей тілін үйреніп, олардың салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты. Мұндай дайындық Шәкәрім университетінің студенттеріне Оңтүсті Кореяның үздік жоғары оқу орындарында өз оқуын сәтті жалғастыруға көмектеседі және қос дипломды бағдарлама арқылы Шәкәрім университетінің және Кьюнгдонг университетінің білімін алуға мүмкіндік береді. Екі оқу орны арасында жасалған меморандум аясында студенттер төрт жыл ішінде:
– Smart Computing
– Hotel Management
– Business Administration мамандықтарында білім ала алады.
Сонымен қатар корейлік студенттер университетте өткен Халықаралық факультет күніне қатысып Таэквондо спортының әдіс-тәсілдерін көрсетіп, К-РОР биін билеп, жиналған жұртшылыққа корей тілінде амандасу, алғыс айтуды үйретті. Ал, жазғы лагер нұсқаушысы Мегуми Марута ұйымдастырушылық қасиетін танытып, көңілді кештің жүргізуші болды.
IMG-20190721-WA0050IMG-20190721-WA0052IMG-20190721-WA0053

IMG-20190721-WA0051
Шәкәрім университеті «Қазақ тілін үйретудің халықаралық орталығының» оқытушылары мен мамандары шет елдік қонақтарға арнап «Қазақ фестивалін» ұйымдастырды. Қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, ұлттық өнеріміз көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық тағамдарымыздан дәм татқан қонақтар арнайы тігілген қазақ үйге кіріп, құрылымымен танысты.
Әрдайым қонақжайлығымен ерек тұратын Шәкәрім шаңырағы сол қонақжайлықты тағы бір мәрте көрсете білді. Университет ректоры Мейір Ескендіров Кьюнгдонг университетінің студенттері және жетекшілік етіп келген оқытушыларымен кездесіп, жазғы лагерді жүргізуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді. Студенттер де университет тарапына алғыстарын білдіріп, аз уақыт ішінде бауыр басып қалғандарын айтып, шынайы көңілдерін жеткізді.
Мәдениетін біліп, тілін үйрену арқылы бір-бірін жақсы тануға жол ашылады. Дәл осылай халықтар арасындағы ынтымақтастық та нығаймақ!

Наргиз Камбаева
Шәкәрім университетінің баспасөз хатшысы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Уголки самообслуживания появились в поликлиниках города Семей

Читали: 28 Семей. 12.12. “Semeyainasy” – По инициативе областного филиала госкорпорации «Правительство для граждан» и …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ