Домой / Новости / Город / Халыққа білім беру үздігі Жомарт Мархаметовқа арнап 10-шы жыл қатарынан физика-математика пәндерінен Олимпиада өтті

Халыққа білім беру үздігі Жомарт Мархаметовқа арнап 10-шы жыл қатарынан физика-математика пәндерінен Олимпиада өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG_1242-16-02-18-02-40

Семей 16.02. «Semeyainasy»- 2009 жылдан бастап қаламызда Т. Аманов атындағы №16 орта мектебінің ұстазы Жомарт Мархаметовқа арнап физика-математика пәндерінен 5-7 сынып оқушылар арасында Олимпиада өтеді. Биыл Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенконың сұранысы бойынша 10-шы олимпиада Ustudy аудандық орталығында орын алды.

Қатысушылар санына келер болсақ қаламыздан және қала манындағы алыс-жақын ауыл мектептерінен өткен жылы 400 ге жуық оқушы қатысса, биыл оқушылар саны 540қа жетті.

«Оқушылардың, туған-туыстарының қолдауымен 2009 жылы мектепте Жомарт Базенұлы атындағы математика кабинеті ашылды.  Істі іс қозғап қазақ мектептерінің 5,6,7-сыныптары арасында математика пәнінен қалалық олимпиада өткізу туралы шешім қабылданды. Дәстүрлі түрде осы күнге дейін олимпиада Т. Аманов атындағы №16 орта мектепте өтетін. Бүгін, 10-шы рет өтіп отырған Олимпиада білім орталығының шешімі бойынша аудандық тестілеу орталығында орын алды.» ,- дейді Жомарт Мархаметовтың ұлы.

Жаңа технологияларға сәйкес қалалық білім бөлімінің және тестілеу орталық басшылығының келісімі бойынша аталмыш мекемеде өткізілді. Олимпиада ерекшелігі- адами факторсыз. Яғни онлайн режимінде. Қатысушыдан көшіру мүмкіндігі болмайды. Оқушы тапсырып болғаннан кейін-ақ тест жауабын алалады.

Руслан Жилгильдинов – аудандық тестілеу орталығының директоры

«Орталық 2015 жылдың қантар айынан бастап жұмыс істеуде. Жалпы қатысушылар нәтижелерін тест тапсырып болғаннан кейін бірден алып шыға алады. Ешкім ештеңе көшіре алмайды. Қазақстан бойынша әрбір қаламызда 21 орталық бар. Олимпиаданың берері баланы ұйымшылдыққа, білімге дағдылайды».

 

Асель Қайырбекова

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Помощь «Дому мамы»  

Читали: 56 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 22.01. “Semeyainasy” – Образ женщины с младенцем на руках – это …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ