Домой / Новости / Город / Хәкім Абайдың рухани мұралары дінни бағытта дәріптелмек

Хәкім Абайдың рухани мұралары дінни бағытта дәріптелмек

Семей. 15.01. “Semeyainasy” – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Семей аймағы бойынша дін қызыметкерлеріне арналған «Хәкім Абайдың рухани мұралары» атты оқу-тәжірибелік семинар Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайында өтті.

Мемлекет басшысының хәкім Абай тұралы жазған көлемді мақаласын жан-жақты талқылау мақсатында өткізілген оқу-тәжірбиелік семинарға  Семей аймағында еңбек етіп жүрген Мақаншы, Үржар, Аягоз, Бесқарағай, Абай. Курчатов сияқты өңірлердің  25 имамы қатысты.

Семинар алдында дін өкілдері қаламыздағы Абай әдеби-мемориалдық мұражайын аралап, хәкімнің руханиятымен танысып шықты.

Оқу-тәжірбиелік семинарда сөз алған Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешіттің бас имамы А.Мұқанов:

-Бүгінгі семинардың мақсаты Абай хәкімнің рухани құндылықтарын үйрену, соны халыққа дәріптеу болып табылады. Қазақ руханиятын, қазақтың дінни мектебін Абайсыз елестетуіміз мүмкін емес. Сондықтан Абайды, Шәкәрімді оқу арқылы біз қазақтың руханиятымен таныс боламыз. Сол замандағы ислам әлемінде солармен байланыс орнатып, солардың әдебиетімен қанығып, соны қазақтың қара сөзімен, қазақтың қара өлеңімен жеткізіп біздерге осы күнге қалдырып кеткен мұрагер иесі ол сөзссіз Абай хәкім. Осы тұрғыда біздің дінни қызыметкерлеріміз дінді оқумен қатар Абай хәкімнің де мұраларымен байланыстырып оқып сонымен нәр алып, сонымен халыққа уағыз насихаттарын дәріптеу мақсатында онбес күндік семинар өткізілгелі отыр.

Бұл онбес күндік семинар діни пәндерде жүреді, сонымен қатар Абай хәкімнің қара сөздерін шариғат тиалолгиялық жағынан ұштастырып әлемдік класикалық ілімнің авторлары ислам ойшылдарының пікірлерімен байланыстырған дәрістер жүргізіледі – деп өз ойын білдірді.

Демек алдағы уақытта діни орындарда жұртшылыққа айтылатын уағыздардың барлығы Абай руханиятымен байланыстырылатын болады. Тілге жеңіл, ой таразысында ауырлық туғызбайтын  уағыздарды жұртшылық Абай әлемімен танитын болады. Араб мәдениетін, араб дәстүрін насихаттайтын уағыздарды жеңіл қабылдай алмайтын жұртшылыққа бұл бағыт оңтайлы әсерін тигізеді деп ой түйді жиналған дін  өкілдері.

       Оқу-тәжірбиелік семинарға қатысқан Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев:

-Президентіміз қазақтың тілін, дінін, рухын танығысы келген адам Абайды оқысын деген. Сол діннің насихатшылары бүгінгі таңда Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының жергілікті жердегі өкілдерінің біліктілігін арттыру семинары қолға алынып отыр. Осы семинар аясында хәкім Абайдың данылық сөзінмен қатысушыларымызды сұсындатсақ деген мақсат бар. Қазақ халқы ислам дініне бағытталған жолды Абай арқылы тапса, себебі Абайдың ұлық ойлары кез-келген заманда өз өзектілігін жоғалтқан емес. Адамзаттың бәрін бауырым деп сүюге баулыған ұлы Абайдың өсиетіне имамдарымыз қанық болса, қоғаммен Абайдың арасындағы дәнекерліктің рөлін атқара алса біздің қоғамның ішкі ауыз біршілігі мығым болады деп ойлаймын.

Семинардың қорытындысы бойынша онбес күнде әртүрлі пәндерден ілім алған имамдар, оның ішінде Абай хәкімнің қара сөздерін, өлеңдерін талдап, соны жаттаған имамдарға арнайы сертификаттар берілетін болады. Сонымен қатар осы семинардан алған ілімдерін ауыл, аудан жұртшылығына дәріптеуге жол ашылмақ.

    Нұрзат Ғалбият

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Около девяти млн тенге штрафа заплатит руководитель отдела в Семее за взяточничество

Читали: 14 Семей. 21.02. “Semeyainasy” – Руководитель Отдела архитектуры и градостроительства города Семей осужден за …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ