Последние новости
Домой / Новости / Город / «Цифрлы Қазақстан» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция

«Цифрлы Қазақстан» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция

Семей. 30.11."Semeyainasy"-Семей қаласындағы Қазақстан инновациялық академиясында  «Цифрландыру жағдайындағы экономикалық және әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өткізілді. Аталған шараға Хорватия, Жапония, Жаңа Зеландия және Ресей мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. 
Модератор Қазақстан инновациялық академиясының ғылыми жұмыс, халықаралық байланыстар және инновация жөніндегі проректоры Оразгалиева Арайлым Канатовна: «Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады», деп ерекше тоқталып өтті. 

Конференция барысында «Kazakhstan between the great powers: China,Russia, Us& Eu» тақырыбындағы баяндаманы Хорватия, Семей қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шетелдік оқытушысы Hrvoje Voric оқыды. « Семей қаласының әлеуметтік- экономикалық жағдайы» тақырыбындағы баяндаманы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан оқыған болатын.
Үкіметпен енгізілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.
«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.
Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат», – деді Елбасы өзінің Жолдауында.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар:
Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.
Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.
Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.
Төртінші – IT мамандарды даярлау. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру.
Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласына басымдық беріледі.
«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.
Жалпы, 2025 жылға дейін цифрландырудың экономикалық тиімділігі 40 млрд теңгені құрамақ. Бұл болжам жүзеге аса ма, жоқ па, уақыт еншісінде екенін алға тартып ғылыми-конференцияны қорытындылады.
Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прием по личным вопросам

Читали: 36 Семей. 06.12. 07.12.2019 года с 08.30 до 10.30 часов в фронт – офисе …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ