Домой / Новости / ШЫН ТАЛАНТҚА ТҰСАУ ЖОҚ Шын талантқа тұсау жоқ

ШЫН ТАЛАНТҚА ТҰСАУ ЖОҚ Шын талантқа тұсау жоқ

 

WhatsApp Image 2019-02-28 at 19.42.30

Семей.01.03. “Semeyainasy” – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасы аясында және Жастар жылына арналып Кереку төрінде халықаралық «SILK WAY» (Жібек Жолы – 2019) музыкалық байқауы ұйымдастырылды. Өнер байқауы Павлодар музыкалық колледжінің 60 жылдығына арналды. Ресей, Грузия, Түркия, Литва, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Тәжікстан сынды елдердің таланттарының басын қосқан бұл байқауда Семейден Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншілері Еркебұлан Мұсаев пен Әйгерім Тоқтыбаева бақтарын сынады.

WhatsApp Image 2019-02-28 at 19.42.31

Әлбетте, халықаралық байқау болған соң, тек кіл мықтылардың жиналатыны анық. Жаңа есімдерді анықтау, таланттарды таныту, классикалық музыканың ауқымын кеңейту, ұстаздардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған өнер байқауы көптің көңілінен шықты. Академиялық ән салу бағыты бойынша сынға түскен Еркебұлан мен Әйгерім әділқазылардың оң бағасына ие болып, екеуі де екінші орыннан көрінді.

WhatsApp Image 2019-02-28 at 19.42.31 (1)

«Ең бірінші кезекте өнердің жанашыры, филармония директоры Адай Азаматовқа, ұстазымыз, талай шәкірттің бағын ашқан Нұрлан Көшеровке алғысымызды білдіреміз. Байқауға осы кісінің қолдауымен бардық. Семей өнердің ордасы екенін көрсете білдік деген ойдамын. Сонымен қатар концермейстер Оксана Пляскинаға да алғыс айтқымыз келеді. Бұл жеңіс өнердің ордасы – облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның ортақ жеңісі», – дейді Еркебұлан мен Әйгерім.

 

Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның баспасөз қызметі.  

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

3,2 миллиона тенге перечислила себе на карту бухгалтер школы в Семее

Читали: 18 Семей. 28.02. “Semeyainasy” – Главного бухгалтера школы в Семее осудили за хищение более …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ