Домой / Новости / Город / Шығыстың қос палуаны – Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов журналистермен жүздесті

Шығыстың қос палуаны – Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов журналистермен жүздесті

data-ad-slot="1867841055">

IMG_9512

 

Семей.05.07. “Semeyainasy” – Астанада қазақ күресінен VII республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық финалы болып өткені баршаға мәлім. Аталған турнирге қос жерлесіміз Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов қатысып, бақ сынаған болатын. Осыған орай, бүгін қалалық әкімдіктің ақпарат орталығында қос балуан журналистермен жүздесіп, сауалдарына жауап берді.

Биылғы финалдық кездесу 12 мың орынға арналған әйгілі «Астана аренада» өтті. Белдесуге  еліміздің әр өңірінен келген 34 балуан қатысып, күш сынасты. Жерлесіміз, 2013 жылы «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаров бұл сайыста қоланы қанағат тұтса, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов қарсыластарына ұпай ұттырды.

-Бұл жарысқа әділқазылық ету маған оңай болған жоқ. Себебі, бауырларым көз алдымда белдесіп жатты. Миллиондаған халық көзін қадап отырған соң сайысқа әділ қазылық ету – біздің міндетіміз. Біздің облыс, соның ішінде Семей қаласы «Қазақстан барысы» басталғаннан бері, соңғы екі жылды қоспағанда  жүлдесіз қалған емес. Айбек Нұғымаров кілең мықтылар белдескен топқа түсті, ал Мұхиттың аздап бабы келіспеді. Бірақ алда талай жарыстар бар. Әлі де алтыннан үмітіміз жоқ емес, – дейді «Қазақстан барысы -2017» турнирінде бас төреші міндетін атқарушы Шалқар Жоламанов.

Қазіргі күні қос балуан қыркүйек айында Астана қаласында өтетін «Әлем барысы» халықаралық турниріне дайындық үстінде. Турнирге әлемнің 50 елінен балуандар қатысады деп күтілуде.  «Өздеріңіз көргендей, маған бұйырғаны қола болды. Жылдан жылға жарыс деңгейі артып келеді. Биылғы финал да та өте жоғары деңгейде өтті. Мен үшін қиынға соққан белдесу қарағандылық палуан Ержан Шымкеевпен және Ұлан Тұрсыновпен өтті . Бұйыртса, келесі жылы тағы бақ сынаймыз.  Шығыстың намысын әлі талай көтереміз», – деді өз сөзінде  А. Нұғымаров.

Ә. Айбеков

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО выявлено 19 нарушений ограничительных мер

Читали: 35 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 14.04. “Semeyainasy” – Работа мониторинговых групп по соблюдению санитарно-эпидемиологических требований продолжается. …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ