Домой / Новости / ВКО / Шығыс Қазақстанда халықаралық балаларды қорғау күні мен мектеп демалысының басталуы аталып өтті

Шығыс Қазақстанда халықаралық балаларды қорғау күні мен мектеп демалысының басталуы аталып өтті

data-ad-slot="1867841055">
Семей. 01.06. “Semeyainasy” – Биыл коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық балалар күні қашықтықтан аталып өтуде. Соған қарамастан, жас жеткіншектерге арналған әртүрлі бағдарламалар ұйымдастырылуда.
Шығыс Қазақстанда күні бойы 188 мың бала онлайн режимде ойын-сауықтық бағдарламаларды тамашалап, хайуанаттар бағын видео арқылы көріп, дөңгелек үстелдерге қатысып, дойбы мен шахматты онлайн ойнап, өзара кім мықтыны анықтамақ. Бұдан бөлек балалар жалпы физикалық жаттығуларды жасап, музыкалық марафон мен түрлі флешмобтарға, акцияларға қатысып, онлайн-экскурсияларды жасап, онлайн-концертті тамашалап, авиа, авто және кемені модельдеу сынды түрлі бағдарламаларға қатысады.
Бүгін 13 мамырда бастау алған «7 керемет» атты қашықтықтан ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың қортындысы шығарылады. Сонымен қатар «Қауіпсіз жаз» байқауының ашылуы өтеді. Оған халық әндерін орындаушылар қатысады. Бұдан бөлек байқау барысында сәндік-қолданбалы өнер мен квест ұйымдастырылады.
Білім басқармасы Telegram және Instagram әлеуметтік парақшаларында күні бойы «Happykids» атты ақпараттық-ойын бағдарламасын жүргізеді. Оған 15 мыңға жуық бала қатысады.
Халықаралық балалар күніне орай «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында «АҚЫЛДЫ AWARDS 2020» жүлдесінің жеңімпаздары онлайн режимде марапатталды. Аталмыш жүлденің иегерлері облыстағы «Алтын белгі» иелері екенін атап өткен орынды. Жеңімпаздарға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының 5 гранты тағайындалды.
 «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында өтініш білдірген 1665 баланың тілегін демеушілер, меценаттар мен өзге адамдардың өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар орындады. Соңғы бес жылдың ішінде аталмыш акция аясында 10 мыңнан астам баланың арманы орындалды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің атынан 38 балаға сужаңа ноутбуктер табысталды. Олардың дені  аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар мен  жетім балалар екенін айта кеткен орынды.
Халықаралық балалар күні – жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Жазғы демалыста балаларды жарқын сәттер күтіп тұрғаны айдан анық. Олар жаз бойы жаңа оқу жылына жаңа леппен келу үшін білім іздеп, тәжірибе жинақтап қайтпақ.
ШҚО Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметті

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Шанс спасти жизнь

Читали: 44 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 10.07. “Semeyainasy” – В Центре крови города Семей продолжается формирование списков …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ