Домой / Новости / Город / «Шығыс» ӨҚ, сержант М.Құрманғажина мақала «Мейірім шуағы»

«Шығыс» ӨҚ, сержант М.Құрманғажина мақала «Мейірім шуағы»

data-ad-slot="1867841055">

б

Биыл Қарулы Күштердің  құрылуының 25 жылдығына орай әскери бөлімдерде бірнеше іс-шараларды өткізу жоспарға енгізілген.  Аталған іс-шаралардың бірі гарнизондар бойынша «Мейірім шуағы» атты акцияны өткізу. Акцияның мақсаты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне бекітілген мекемелердің тәрбиеленушілерін киім-кешекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға жердем жасау.

Бұл игі шара жыл бойы жүйелі түрде өткізілмек. Осы мақсатта «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы Басқармасының жеке құрамымен «Малютка» балалар үйіне, №8 балалар үйіне киім-кешекпен жәрдем жасалып, тәтті тағамдар таратылды. Сыйлықтарды тарту ету кезінде балалардың қуанышында шек болмады. Барлығы мәре-сәре болды.

Дегенмен, бұл уақытша қуаныш ананың ыстық алақыны мен әке қамқорлығын алмастыра алмайды гой. Бізді қарсы ала жүгірген Олеся атты бүлдіршіннің «Менің анам келді, мені құшақташы» деген жүрек тебірентер сөзі барлығымыздың көзімізге жас толтырды. Сырттан келген адамдарға үмітпен қараған балаларға жылу, қамқорлық, махаббат пен мейірім жетпейтіні анық. Сондықтан әрқайсымыз осындай бүлдіршіндерімізге жиірек барып, көңілін аулай білуге тиіспіз деп ойлаймын. Тағдыр тәлкегіне түскен балаларымыздың саны азайып, әрқайсысы өз ата-анасымен болса нұр үстіне нұр болар еді.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО выбрали «Лучшего военного следователя

Читали: 56 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 16.01. “Semeyainasy” – В Восточном региональном ВСУ МВД РК прошло расширенное …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ