Домой / Новости / ВКО / “Шығыс” өңірлік қолбасшылығында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 16.09.2019. “Semeyainasy”. Бүгін “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының “Шығыс” Оқу орталығының саптық алаңында “Шығыс-2019” жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мақсаты-қатардағы жауынгерлердің дайындығын тексеру және өңірдегі бейбітшілікті сақтау үшін ресейлік және қазақстандық әскери қызметшілердің өзара іс – қимыл деңгейін арттыру.

Оған 4000-ға жуық әскери қызметшілер қатысып. бір жарым мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

– Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар әскери ынтымақтастықтың көп жылғы тарихына ие. Бүгін басталған оқу-жаттығу екі одақтық мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тығыз қарым-қатынастардың жарқын айғағы болып табылады. Әрбір сарбаз өз кәсібилігін, ортақ қауіп – қатерлерге қарсы тұра білуін көрсету керек, – дейді РФ Қарулы Күштері әскерлерінің командирі Сергей Ильчаков.

Оқу-жаттығу үш кезеңде өтеді: әскерлерді жауынгерлік әзірлікке дайындау, бірлескен арнайы әскери операцияны өткізу.

Осындай оқу-жаттығулар еліміздің бірнеше өңірінде бір уақытта басталды. Қазақстанның оңтүстігінде тау-кен бөлімшелерімен, ал Қарағанды облысының аумағында зымырандық-артиллериялық бөлімшелермен қатар өтуде.

Қолбасшылық атап өткендей, аталмыш оқу-жаттығуларды өткізу қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерін қолданумен байланысты бірқатар мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштері тұрақты негізде Орталық Азия елдері – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан, сондай-ақ Ресей, Белоруссия, Үндістан, Түркия және басқа да мемлекеттер бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады. Өткен жылы Қазақстан әскери қызметшілері 10-астам халықаралық оқу-жаттығуларына қатысты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Levi

Посмотрите также...

Лишь 394 выпускника из ВКО в этом году собираются поступать в зарубежные вузы

Читали: 15 data-ad-slot="1867841055"> Семей.04.06.”Semeyainasy” – В 2016 году из Восточного региона уехали 1800 абитуриентов. Тогда …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ