Домой / Новости / Город / ШҚО бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 49 миллион теңге аударылды

ШҚО бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 49 миллион теңге аударылды

data-ad-slot="1867841055">

0258b94e35faeda341ead170910b51be160813014655-1024x618

 

Семей.19.07. “Semeyainasy” – Көпшілікті әуре-сарсаңға салған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Осыған орай 19 шілде күні қалалық әкімдікте кезекті отырыс өтті. Отырысқа медициналық мекемелердің өкілдері мен жеке кәсіпкерлер,  жұмыс беруші кәсіпорын басшылары қатысты.

Отырыста алдымен сөз алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова жарна төлеуден қашқақтап жүрген кәсіпкерлердің де бар екенін атап өтті. «Жарна төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлер де жоқ емес. Кейбір екінші деңгейлі банктер бұл жүйеге әлі дайын болмай шықты.  Біз олармен сөйлестік. Шешілмеген мәселелер осы отырыс барысында жауабын табады деген ойдамын», –  деді Н. Шарова.

Жиналыс барысынан түсінгеніміздей, МӘМС жүйесінде барлық халық 2 топқа бөлінген. Олар – мемлекет тарапынан және жұмыс беруші тарапынан сақтандырылатын халық.  Мемлекет тарапынан сақтандырылатын топқа зейнеткерлер, балалар, мүгедектер сияқты халықтың әлеуметтік  әлсіз тобы  жатады. Әскери қызметкерлер де мемлекет тарапынан сақтандырылады. Айта кету керек, мемлекет тарапынан төленетін жарна елдегі  орташа жалақы көлеміне байланысты және ол орташа айлық жалақының 3,75 пайыз мөлшерінде болмақ. Яғни  әлеуметтік әлсіз топқа жататын еліміздегі 10 миллион адамға ай сайын 5029 теңге көлемінде аударым жасалады.

Екінші топқа жұмыс берушілер, жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кіреді. Олар екінші деңгейлі банк немесе Казпочта арқылы аударым жасайды. Аударымдар салық комитеті арқылы тексеріліп,  тұлғаның медициналық сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны анықталады.

– Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, 1 шілдеден бастап өзіңіз үшін ай сайын 2 ең төменгі жалақының 5 пайыз мөлшерінде  жарна аударасыз. Ескерте кететін жайт, жарна мөлшері кіріс көлеміне  байланысты емес.  Ең төменгі жалақының 5 пайыз мөлшері  2017 жыл бойынша 2446 теңгеге тең. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2828 теңге болмақ. Ал егер сіз жұмыс беруші болсаңыз, жұмыскер жалақысының 1 пайызын жарнаға аударасыз. 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,5 пайызға артады. Бұл жерде жұмыскер жалақысының мөлшері есепке алынады. Шілде айы үшін жарна аудару келесі айдың 25-не дейін орындалуы керек,  – деді Семей қалалық №3 емхананың бас дәрігері Найля Альменова.

Оның айтуынша ШҚО бойынша осы күнге дейін МӘМС жүйесіне 49 миллион теңге аударылған.

Әли Айбеков

 

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Аким Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов посетил Семей с рабочим визитом.

Читали: 22 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 07.04.”Semeyainasy” – Аким Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов посетил Семей с рабочим …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ