Домой / Новости / ВКО / ШҚО-дағы шабыттандыратын жарқын жандар

ШҚО-дағы шабыттандыратын жарқын жандар

c3a6297b-6c33-4ba8-80ec-bd22c9afff70

Семей.14.07.”Semeyainasy”- Ауылдағы әйелге шабыт пен қуат беретін өзі сияқты еңбекқор әйелдің үлгісі ғана. Бұны Өскеменде өткен ауыл әйелдерінің «Әлеуметтік жауапкершілік, теңдік құқық және мүмкіндіктер құқығы» форумы дәлелдеді.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова еңбек ардагері-әйелдеріне туған өлкесінің дауына қосқан үлесі мен жұмыстағы жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, облыс әкімінің атынан арнайы грамоталар мен ақшалай сыйақылар табыстады.

Әрбір әйелдің өзіндік жетістік тарихы мен кәсіби шежіресі бар. Солардың қатарында марапатқа 77 жастағы катонқарағайлық Сәбилә Құрманова ие болды. Ол күйеуі екеуімалшаруашылығымен айналысып, осы күнге дейін қой бағу кәсібін тастамай келеді. «Алтын алқа» иегері 8 бала, 16 немере, 12 шөбере тәрбиелеп отыр.
0e5fc6c9-406d-46d9-81b5-db011facc07c

Оразхан Манабаева 72 жаста. Көпбалалы ана бес бала, 16 немере және 4 шөбере тәрбиелеп отыр. Автокөлік рөліне 1984 жылы отырып, содан бері 35 жыл көлік тізгінін тастамай келеді. Бүгінгі таңда Аягөз қаласында такси қызметін атқарып жүр. Ауылдықтар керек адресіне Оразхан апа жеткізсе, жақсылыққа баулиды.

Ерлік пен күш-жігердің айқын дәлелі деп ұл тәрбиелеп, төрт немере бағып отырған Зульфия Ерқасымованы айтуға болады. Тракторшы-комбайншы болып жұмыс істеп жүріп екі аяғынан айырылған рухы биік әйел протезге тұрып, бүгінде Катонқарағай ауданында асхана меңгерушісі болып қызмет атқарып, ауылының қоғамдық өміріне белсене араласып отыр.

Сақан Әубәкірова үш бала, сегіз немере және шөбере тәрбиелеп отырған ана. 2011 жылдан бері «Бірлік» ауылдық МЕҰ-на арналған ресурстық орталық» қоғамдық қорының жетекшісі. Сиыр сауушы, қосалқы станцияларға қызмет көрсететін 4-ші санаттағы электромонтер, малшаруашылығы бригадирі. 1997 жылдан бері «Сенім» шаруа қожалығының басшысы. «Қазақстан мұрасын сақтайық» жобасына жетекшілік етті.

Михейлис Лидия Филипповна – 70 жаста, төрт бала, сегіз немере, үш шөбере тәрбиелеп отыр. Бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен құс фабрикасында бригадир, Ұлан ауданы әкімдігінде бөлім басшысы болды. Айтылған оқиғалардың барлығы бірегей әрі жанға жылулық сыйлап, әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін танытуда.

558a2025-a4f7-4aea-9b85-a20b4d37748d
– ШҚО-да «Табыс шеруі» рәсімі республикада өтіп жатқан осы іспеттес форумдардың ерекше белгісі болды. Ауыл әйелдерін өздері сияқты жандардың табысқа жету үлгілері ғана жігерлендіреді – деді «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» басқармасының басшысы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға көшу Кеңесінің мүшесі Салтанат Рахимбекова.

Сонымен қатар марапатқа қоғам белсенділері де ие болды: Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округінің әкімі Любовь Ступенько; «NietWOMEN» ҚҰ ШҚО-ғы өкілі Эльвира Аллахвердиева; Көкпекті ауданының жеке кәсіпкері Жанна Жабекова; Өскемен жастар мәслихатының депутаты, суретші Ольга Чавкина; «Көкпекті жолдары» ЖШС-нің директоры Гүлназ Нұрғалиева және Алтай ауданындағы «Қарлығаш» қайырымдылық үйінің меңгерушісі Ирина Зайцева.

Сондай-ақ, форум аясында «Соca-Cola белестері» диалог алаңы, «Ораторлық шеберлік, бұқарамен жұмыс» атты авторлық тренигтер мен семинарлар өтті.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG-20190817-WA0026

В Семее состоялся традиционный футбольный матч между командами акимата и СМИ

Семей.17.08.”Semeyainasy”. На стадионе “Спартак” состоялся традиционный футбольный матч между командами акимата и СМИ. Но традицию …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ