Домой / Новости / ВКО / ШҚО-да мобильді топтар 80 мыңға жуық шақыртуға барған

ШҚО-да мобильді топтар 80 мыңға жуық шақыртуға барған

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 29.07. “Semeyainasy” – Шығыс Қазақстанда ауруханалар жанына жұмыс істеп тұрған мобильді топтар бүгінге дейін 79 915 шақыртуда болған. Қазірде аймақта 373 мобильді топ жұмыс жасап тұр.


​ ​ Еске сала кетсек, карантин уақытында халыққа қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлерден тұратын мобильді топтар жасақталған еді. Өскемен қаласының өзінде 41, Семейде 71 және аудан-қалаларда 200-ден астам топ жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, үй жағдайындағы науқастардың денсаулығын бақылауда ұстауда.
​ ​ Мобильді топ қызметкерлері шақырту бойынша барып, дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін өлшеп қана қоймай, науқасқа емханадан дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмекті де жеткізіп бере алады.
​ ​ Аталмыш топ жұмысын бастағанда жергілікті аудан және қала әкімдіктерінен де қолдау тауып, қызметтік көліктерге ие болған.

Semeyainasy

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Определены регионы с самым высоким процентом выявляемости антител к SARS-CoV-2 в Казахстане,

Читали: 28 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 03.08. “Semeyainasy” – Сегодня одна из крупнейших компаний Казахстана, специализирующаяся на …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ