ШҚО-да Шахтер күні және Белоусовка кен орнының 220 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Кен өндірісінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков 18 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады.
– Тау-кен өндірісі аймақ экономикасының серпінді саласы болып қалыптасқан. Сондықтан болар, облыстың әрбір төртінші тұрғыны осы салада қызмет атқарып келеді. Шахтер – күш-жігер мен шыдамдылықты талап ететін сала. Сіздерді облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларыңызға бақыт тілеймін, – деді Шалқар Байбеков.
Құттықтау сөздерінен кейін аймақ басшысының орынбасары Белоусовка кентінің тұрғындарына 18 жаңа пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, тау-кен өндірісінде қызметте үздік деп танылған шахтерлар алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Посмотрите также...
Сегодня отмечается «Всемирный день Битлз».
Читали: 36 data-ad-slot="1867841055"> Семей.16.01.”Semeyainasy” – Сегодня, 16 января, миллионы фанатов The Beatles и просто меломанов …