Домой / Новости / ВКО / ШҚО командасы республикалық ғылыми жобадан жүлделі орынмен оралды

ШҚО командасы республикалық ғылыми жобадан жүлделі орынмен оралды

data-ad-slot="1867841055">

IMG_0547-01-02-18-01-53

Семей.02.02. «Semeyainasy»Екінші рет қатарынан 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жоба байқауынан ШҚО командасы жүлделі орынға ие болды. Нақтырақ айтар болсақ 28 оқушыдан 10 бала 1 орынға, 12 бала екінші орынға және 6 оқушы үшінші жүлделі орынға ие болды. Аталмыш байқау қаңтардың 29-31 аралығында Бурабайдағы Балдәурен балалар лагерінде өтті. Бүкіл ел бойынша 420 бала қатысты.

№22 мектеп-лицейі директорының тəрбие-ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Оразғалиева бұл олардың алғашқы жетістіктері еместігін алға тартып,  әсіресе лицей директоры Айгүл Исимбекова мен жоба жетекшісі Эльмира Қыдырминаның бұл тұрғыда еңбектері орасан екенін жеткізді. «Жоғары сыныптар арасында өтетін республикалық жобаға 10 сынып оқушылары да жолдама алды. Олардан да үміт күтіп отырмыз. Жетістігіміз көбейе берсін»,- дейді А.Оразғалиева.

Ернұр Аманов – №22 мектеп-лицейінің оқушысы:

– Мен, Ернұр Аманов және ағам Арнұр, республикалық «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, ІІІ орынды еншілеп келдік. Біз ата-анамызбен жəне мұғалімдермен бірлесе дайындалып, көп жұмыс істедік. «Қарағайлы орманды қорғау» тақырыбы бойынша орманға барып, мәліметтер жинадық.Осылайша, қалалық жəне облыстық турнирден І орынды иелендік.

IMG_0546-01-02-18-01-53

№47 мектеп оқушысы Аружан Советбекова пирсинг және татуаждың адам ағзасына тигізер зияны жайлы жобалық жұмысын қорғап, ІІ орын иегері атаныпты.  «Жасөспірімдер татуаж, пирсинг жасату арқылы өмірлеріне қауіп төндіреді. Психологтер мен дәрігерлерден кеңес алып жүргізген зерттеу жұмысы барысында бұған толық көз жеткіздік.  Жобаға жетікшілік еткен ұзтаздарым – Назигүл Оразғалиқызы мен Айман Тлеубайқызына алғысым зор. Анам Әсел Құнанбаева да өз үлесін қосты»-, дейді ол.

Білім сайысында жүзден жүйрік шыққан жерлестерімізге тек алға дегіміз келеді. Жарайсыңдар!

Асель Қайырбекова

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Гарантии для малого бизнеса

Читали: 61 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 26.01. “Semeyainasy” – Начало года – время заключения новых контрактов. Все …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ