Домой / Новости / ВКО / ШҚО педагогтері онлайн курстарды оқып жатыр

ШҚО педагогтері онлайн курстарды оқып жатыр

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 05.05. “Semeyainasy” – Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалы қашықтықтан жұмыс істеуде. Мұндағы басты мақсат – педагогтерге қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда жан-жақты әдістемелік көмек көрсету.

–        Сәуір айында ШҚО мұғалімдері үшін 44 вебинар мен 108 консультация ұйымдастырылды. Оған 8257 педагог қатысты. Вебинар барысында өзекті тақырыптар талқыланды. Әсіресе, қашықтықтан оқыту барысында тиімді кері байланыс орнату, ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдау көрсету сынды тақырыптар қозғалды, – деді педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалының директоры Гүлжан Зейнолдина.Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалының тренерлері ШҚО мұғалімдеріне «Қашықтықтан оқыту аясында жалпы білім беретін мектептердегі 1-10 сыпытарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ)» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.-        Қазіргі жағдайда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға байланысты бірнеше бағдарламаны онлайн-курсқа ауыстырдық, мысалы мектеп директорының тәрбие бойынша орынбасарларына арналған курсты маусым айында онлайн түрде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді Гүлжан Тоқтарханқызы.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Шымкентцы строят парковку во дворе дома в Семее, ликвидируя детскую площадку

Читали: 143 data-ad-slot="1867841055"> Семей.29.05.”Semeyainasy” – На днях жители дома по улице Ак. Павлова 105 были …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ