Домой / Новости / Город / ШҚО әкімі Семейдегі тарихи ескерткіштерді сақтау бағдарламасын құруды тапсырды

ШҚО әкімі Семейдегі тарихи ескерткіштерді сақтау бағдарламасын құруды тапсырды

IMG-20190507-WA0102

Семей.07.05.”Semeyainasy” – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар мәдени нысандарды аралады. Ф.Достоевский мұражайында болған өңір басшысы тарихи ғимараттың аумағын аралап, “Прииртышье” өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасановпен әңгімелесті.

– Семей – ерекше қала, – деді Д. Ахметов. – Қалада өзінің тарихи ерекшелігі болуы қажет. Мемлекет пен мемлекетке тиесілі нысандар бойынша тексеру жүргізу керек. Жеке меншік секторға әзірге тиіспейміз. Біз Семейді абаттандыру кезеңінен өттік, енді мен тарихи ғимараттарға бет бұрып, ескерткіштерді сақтау жөнінде бағдарлама енгіздім. Бізге жаңа заманмен қатар өткен жүзжылдықтан естелік болатындай нысандар қажет. , – деп қорытты облыс әкімі.

Д. Ахметов сондай-ақ Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында болып, дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің жұмысымен танысты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

67335718_495742744529871_6035185637525424460_n

В Семее не отключат горячую воду

Семей.22.07.”Semeyainasy” – На прошлой неделе в ходе пресс-конференции руководитель отдела ЖКХ Амантай Утельбаев уведомил о …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ