Последние новости
Домой / Новости / Город / Шәкәрім студенттері Нұр-Сұлтанға жол тартты

Шәкәрім студенттері Нұр-Сұлтанға жол тартты

Семей. 27.11. “Semeyainasy” – Бүгін университетіміздің 50-ге тарта студенті Елордаға аттанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренинг бұл жолы Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылуда. Елбасы кітапханасында өтетін семинар-тренинг екі күнге созылмақ.
Студенттерді арнайы шығарып салу рәсімінде ректор кеңсесінің басшысы Марат Абдикаримов жастарға ақ жол тілесе, Филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов ақ батасын беріп, сәт-сапар тіледі.


Айта кетейік жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын бұл басқосуға Шәкәрім университеті де бірнеше жылдан бері атсалысып келеді.


Екі күн бойы студенттерге белгілі ғалымдар дәрістер оқып, түрлі командалық ойындар ойнататын болады. Сондай-ақ студенттер әртүрлі мұражайларға экскурсия жасап, дүниетанымын кеңейтуге, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Наргиз КАМБАЕВА

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прием по личным вопросам

Читали: 36 Семей. 06.12. 07.12.2019 года с 08.30 до 10.30 часов в фронт – офисе …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ