Домой / Новости / Город / Шәкәрім университетінің ректоры тікелей эфирде сұхбат берді

Шәкәрім университетінің ректоры тікелей эфирде сұхбат берді

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20180115-WA0019

Семей. 15.01. “Semeyainasy” – Кеше «Инстаграм» әлеуметтік желісінде Шәкәрім атындағы мемелекеттік университетінің ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы «Shakarim.university» парақшасының оқырмандарымен тікелей эфирде сұхбаттасты. Сұхбат барысында  көбінесе  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты көптеген сауалдар қойылып, ректор тарапынан тұщымды жауап алынды. Сондай-ақ Семейдің бір топ белсенді студенттері мен ұстаздар қауымы Мейір ағаға өздерінің алғыстарын білдіріп, толғандырып жүрген бірнеше сұрақтарын еш қысылмастан , жазабаша түрде өз ойларын еркін жеткізе алды. Осындай ресми емес тікелей эфирлер жиі ұйымдастырылса, осы киелі шаңырақты басқарып отырған білікті басшы мен  жастардың арасындағы байланыс нығая түсетіні сөзсіз.

 

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За визит к бывшей жене наказали жителя ВКО

Читали: 105 data-ad-slot="1867841055"> Семей.23.01. “Semeyainasy” – Житель Восточного Казахстана получил 300 часов общественных работ за …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ