Последние новости
Домой / Новости / ВКО / Шәкәрім университеті студенті Жұматаева Талшын Бахрейін өткен ММА аралас жекпе-жекте әлем чемпионы атанды

Шәкәрім университеті студенті Жұматаева Талшын Бахрейін өткен ММА аралас жекпе-жекте әлем чемпионы атанды

Семей.16.11.”Semeyainasy”-Шәкәрім университеті “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 3-курс студенті Жұматаева Талшын Бахрейін Әмірлігінің Манама қаласында өткен ММА аралас жекпе-жекте әлем чемпионы атанды.


Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Талшын ММА спорты бойынша Шығыс Қазақстан облысынан шыққан алғашқы чемпион қыз. Ол бұған дейін Тайландта өткен Азия чемпионатында көк туымызды желбіреткен болатын.
Талшын бүгін де ММА-дан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Бұған дейін Қазақстан және Азия чемпионы атанып келген жас спортшы енді әлем чемпионы атағын иеленді. Бұл бүткүл қазақ елінің қуанышы. Спортшы қызымызды жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндерің көп болсын!

Наргиз КАМБАЕВА

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прием по личным вопросам

Читали: 36 Семей. 06.12. 07.12.2019 года с 08.30 до 10.30 часов в фронт – офисе …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ