Последние новости
Домой / Новости / Город / Шәкәрім университеті «Әлеуметтік университет» жобасын жүзеге асыру үстінде

Шәкәрім университеті «Әлеуметтік университет» жобасын жүзеге асыру үстінде

Семей. 29.11. “Semeyainasy” – Елбасының әлеуметтік бастамаларын жүйелі түрде және тәжірибелік қолдауды жүзеге асыра отырып, Шәкәрім университеті «Әлеуметтік университет» жобасын іске асыруда.

1 қаңтардан бастап оқыту-көмекші және техникалық қызметкерлер үшін жалақы 50% – ға артты (186 адам).

1 ақпаннан бастап төрт және одан да көп балалары бар қызметкерлер әр балаға 10 000 – нан 15 000-ға дейін, сондай-ақ, ерекше көмек қажет ететін балалары бар қызметкерлер әр балаға 20 000-нан бастап еңбек ақысына үстемеақы алды.

Тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерге 15 қызметтік пәтер бөлінді. Қосымша тағы да 15 қызметтік пәтер бөлу жоспарлануда.

Алғашқы медициналық көмек көрсету шеңберінде университет қызметкерлері мен студенттеріне арнайы медициналық қызмет көрсету (амбулаториялық-емханалық және стационарлық, денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ, жоғары білікті, тар шеңберлі мамандандырылған дәрігерлер кеңесі және емдеу) туралы медициналық мекемемен шарт жасалды.

Қызметкерлердің балаларының мектепке дейінгі мекемелерге баруы үшін ішінара өтемақы (әрбір балаға 15%) енгізілді.

Еңбекақысы 60 000 теңгеден төмен қызметкерлерге қоғамдық көлікте жол жүру үшін ішінара өтемақы (50%) төленеді.

Шәкәрім университетінде оқитын қызметкерлердің балаларының оқу ақысы бір балаға 50%, сондай-ақ, екінші балаға 100% жеңілдік белгіленді.

Университеттің кадрлық резервін дайындау мақсатында магистратурада және докторантурада оқу ақысын төлеу, сондай-ақ кадрларды даярлау аясында магистратура мен докторантурада білімалушыларға стипендия төлеу қарастырылған.

Қызметкерлер үшін жазғы демалыс уақытында шипажайлық демалыс орындары мен емделуге 60 жолдама, қызметкерлердің балалары үшін сауықтыру-ойын-сауық лагерьлеріне 100 жолдама жоспарланып отыр.

Жыл сайын ғылым және шығармашылық, спорт саласында елеулі жетістіктері бар өңірлердің дарынды талапкерлерін қолдау үшін университет гранттары бөлінеді.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Прием по личным вопросам

Читали: 36 Семей. 06.12. 07.12.2019 года с 08.30 до 10.30 часов в фронт – офисе …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ