Домой / Новости / Город / ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫ

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫ

data-ad-slot="1867841055">

1 (1) 

Семей 09.02. «Semeyainasy»- Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде абайтанушы, ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Мұрат Сұлтанбековтің 80 жасқа толған мерейтойына орай «Ізгілік жолындағы жазушы» атты тақырыпта кездесу кеші өткізілді.

Аталмыш шараны Абай музейінің директоры Б.Жүнісбеков құттықтау сөзімен ашып, М.Сұлтанбековтің абайтануға қосқан үлесі, Абай музейінде қызмет еткен жылдары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың ұлдары Қанағат, Дегдар Қайымұлдары қатысып, мерейтой иесіне «Қ.Мұхамедхановты есте сақтап, оның шығармашылық мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Алдынан талай шәкірт түлетіп ұшырған ұстаздың республикалық «Абай» журналындағы қызметі туралы, абайтанушы А. Омаров айтып өтсе, ақындық мұрасы жайлы сазгер А.Ахметжанов сөз қозғап,  өзінің арнау өлеңдерін оқыды.

Сонымен қатар Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның әншісі М.Ахметов хәкім Абайдың сөзіне жазылған «Өзгеге көңілім тоярсың» әні орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Студенттер қауымына келер болсақ, абайтанушы ғалымға өз сұрақтарын қойып, қаламгер шығармашылығы жайлы толғамды әңгімелерімен бөлісті.

 Н.Боранбаев,

Абай қорық-музейінің ғылыми қызметкері.

 

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Помощь «Дому мамы»  

Читали: 56 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 22.01. “Semeyainasy” – Образ женщины с младенцем на руках – это …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ