Домой / Новости / Город / «Ғажайып» трагедиясының” тұсауы кесілді

«Ғажайып» трагедиясының” тұсауы кесілді


Семей. 22.02. "Semeyainasy" - Қаламыздағы Абай театрында ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған қойылымның тұсаукесері өтті. «Дариға-ай» театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясы желісі бойынша жазылған «Ғажайып трагедиясы" қойылымын ұсынды. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын қойылымға 13 театр актері қатысты.

Қойылым режиссері- елордалық өнер университетінің түлегі Гаухар Адай. Қойылымға арналған сахнаның безендірілуімен еліміздің ең үздік дизайнерлері айналысқан. Жалпы қойылымға дайындық төрт айға созылған.
«Ғажайып» трагедиясы басталар алдында, Алматы театрының негізін қалаушы және порфессор Дариға Тұранқұлова қаламыздың мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.


Абай Құнанбайұлының өмір жолын шығармашылығын көрсететін трагедия көрермен көзіне нағыз Абайды алып келгендей әсер қалдырды. Ұлы ақынның өлең жазардағы шабыттанған сәттері, сол замандағы күншілдердің іс-әрекетін бұлжытпай сомдаған әртістердің рухани дүниесі сол әлеммен байланысқанба дерсің.
-Биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Осыған орай біз осы тамаша жылды атап өту үшін өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл қойылымға біз қараша айында дайындала бастадық, төрт ай жұмыс жасадық және бүгін өз еңбегіміздің жемісін көрермендерге ұсынғанымызға қуаныштымыз,- деді театр директоры Амангелді Бахтинов.
Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Кто в Казахстане получит отсрочку по оплате кредитов

Читали: 25 – О мерах поддержки социально уязвимым слоям населения в связи с режимом ЧП, …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ