Домой / Новости / ВКО / Қазақ театр өнерінің майталмандары БАҚ өкілдерімен жүздесті

Қазақ театр өнерінің майталмандары БАҚ өкілдерімен жүздесті

Семей. 22.09.2019. “Semeyainasy”. Алаш үкіметінің астанасы Семей қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының  ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалі басталды.

Фестивальдің шымылдығы қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешовамен БАҚ өкілдерінің арасында ашық пікір алмасуымен басталды. Жиын барысында сөз алған құрметті қонағымыз Қазақстан театрлары ассоциациясының Вице-Президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымының докторы, ҚР президентінің “Болашақ” халықаралық степендиясының иегері, Асхат Маемиров: «Әмина Өмірзақова театр және кино өнерінде жанр таңдамаған актриса. Қазіргі таңда өнер зерттеушілердің алдында үлкен мақсаттар жатыр. Атап айтсам, ол  Әмина Өмірзақова туралы докторлық десертатциялар қорғау, магистрлік диссертация қорғау болып отыр. Апамыздың театрдағы рөлдері өз алдына  бір төбе. Кинодағы образдары өз алдына бір төбе. Өткізілгелі отырған республикалық театр фестивальде классикалық  әлемдік шығармалардан бастап, қазақтың Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев сынды тұлғалардың шығармасын сахнада сөйлететін болады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы заманауи драматуриялары Ермек Аманшаевтың, Бауыржан Жақыптың, Ерсайын Төлеубай сынды отандық авторлардың да шығармалары қатысады.

Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан театр ассоциациясы осы фестивальді Әмина апамызға арнар кезінде көзделген мақсаты Қазақстандағы театрлардың тыныс-тіршілігі, көркемдік келбеті қай бағытта өзгеріп жатқандығына назар аудару еді. Қазір Қазақстан театрлары шетелге көптеп шығуда. Халықаралық аренада еңсесі биік абыройы үстем. Себебі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бірнеше халықаралық деңгейде жобалар өткізіліп жатыр. Осы фестиваль да өз мақсатына  жетеді. Семей театры кезінде үлкен театр болды. Қазір осы шаңырақта  үш театр шығармашылық үндестікпен бас қосқан. Атап айтсақ, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Достаевский атындағы орыс драма театры, «Дариға-ай» жастар театры жұмыс жасайды. Сондықтан бұл жерде театр дәстүрі тамырын терең жайған деп есептеймін,» – деді.

Баспасөз канференциясында сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Қайратқызы Өтекешова: «Семей жеріндегі фестивальға келу мен үшін үлкен бақыт. Әмина апайдың ойнаған рольдері анадан бастап трагедиялық рольдерге дейін ұласты. Ш.Аймановтың фильміне қатысып, камедиялық жанрда ойнаған рольдері де бар. Өнерде үлкен із қалдырған Әмина апайдай актриса жоқ деп ойлаймын!» – деп, жылы лебізін білдірді.

Баспасөз конференциясында журналистер тарапынан өнер саласына қатысты көкейде жүрген сауалдар қойылып, қазақ театр өнерінің бастауы «Ойқұдық» жайлауына мәдени, тарихи ескерткіш қойылса деген тың идея тасталған болатын. Оған жиын барысында сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы Асхат Максимұлы: «Ойқұдық – қазақ театр өнерінің алтын бесігі. Қарлығаш тәрізді қанатын осы Ойқұдық жерінен қақты. Бұндай мәселені үкіметке қаратып қоймай елден, жерден шыққан қалталы азаматтар өздерінің ауылдарына көмектесіп жатады. Сондықтан, біздің театрымыз киелі Семей өңірінің азаматтары тарапынан қолға алынса, нұр үстіне нұр болғалы тұр. Ойқұдықты театр әлемінің қара шаңырағына айналдырып жатсақ, өте жақсы болар еді. Ойқұдық дала театры деп, жылына бір рет сонда бас қосып отырсақ, театр саласын одан әрмен дамытар едік» – деп, өз пікірін білдірді.

Өнер ордасының ошағы Семей жеріндегі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақ драма театырының XXVII республикалық театр фестивалі ашылу салтанатымен жалғасып, көрермендерге әр өңірдің театр саңлақтарының қойылымымен жол тартады.

Нұрзат ҒАЛБИЯТ

От Levi

Посмотрите также...

Успех юных робототехников NIS на WRO

Читали: 57 Семей. 13.11. “Semeyainasy” – С большим достижением вернулась из венгерского Дьора команда юных …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ