Домой / Новости / Город / Қаламызда «Астана құрдастары» атты байқау өз мәресіне жетті

Қаламызда «Астана құрдастары» атты байқау өз мәресіне жетті

data-ad-slot="1867841055">

Астана құрдастарымыз

Семей. 21.02. «Semeyainasy» — Қазақстанның әр түпкірінде еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне арналған іс-шаралар бүгінде басталып та кетті. Кеше осындай игі бастамалардың  бірі — шаһарымыздағы қалалық мәдениет сарайында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тікелей бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып «Астана құрдастары» байқауының ақтық сыны болып өтті.

Жарыстың шартына сәйкес ,  қатысушылар 20 жаста болуы керек және Елордамыз жайында сыр шертетін әуезді әндерді орындап, би номинациясы бойынша мың бұралған қыз-жігіттер  қазақтың ұлттық билерін билеу міндеттелген болатын.

Байқауға Астананың төл құрдастары «Сен тұр — мен айтайын» деп суырылып шыққан, 10 жеке орындаушы мен 4 биші көпшіліктің көңілінен шығып, жеңімпаз атануға барынша  тырысты.

Әділқазылар алқасының құрамында болған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Нұрлан Көшеров, Құрмет орденінің иегері , талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз Мапруза Утуленова мен танымал хореограф Раушан Егізбаева, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина дарынды өрендердің өнеріне әділ төрелік ете білді.

Сайыстың қорытындысына тоқталатын болсақ,  вокал жанры бойынша Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері   Ерғабыл Берикбол жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, «Бас жүлдені» қанжығасына байласа, Мөлдір Заманбекова І-орынды иеленіп,  Мадина Макметова ІІ-орынға лайық деп танылды,ал  Көлік колледжінің студенті Даулет Сабырханов болса жүлдегерлер қатарынан көрініп, үздік үштікті қорытындылады.

Хореография жанрында бақ сынаған бишілердің ішінде үздік атанған «Астана» дуэтіне «Бас жүлде» бұйырды. Сондай-ақ Шәкәрім университетінің намысын қорғаған Жанна Әбжанова, «Авиценна» медициналық колледжінің атынан шыққан Айерке Ардақ пен Ақерке Ардақ, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Аида Ашимова сынды өнерпаздарымыз І-ші, ІІ -ші және ІІІ -ші орындарды өзара бөлісті.

Ғанибек Түсіпбек

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане разработают программу развития районных центров

Читали: 22 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 28.01. “Semeyainasy” – Они будут составлены по аналогии с теми, что …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ