Домой / Новости / Город / Қаламызда пәндік олимпиада өтуде

Қаламызда пәндік олимпиада өтуде

data-ad-slot="1867841055">

l1Yaqjsi4AM

Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымға келіп тіреледі. Бұл орайда пәндік олимпиадалардың білімді ұрпақты тәрбиелеп шығаруға ықпалы зор. Сондай-ақ пәндік олимпиадалар – оқушылардың мектеп пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, дарынды балаларды анықтауға ықпал ететін білімді оқушылардың интеллектуалдық жарысы.

Жылда Қазақстанның әр түпкірінде дәстүрлі түрде  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен мектепаралық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар өткізіледі. Бүгін қаламыздағы  №3, №16, №17,  №23, №35 мектептердің оқушылары өзара бақ сынап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау үстінде.

Білім додасына  мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың 8-11 сынып оқушылары қатысуда. Қалалық пәндік олимпиаданың І кезеңінде шамамен 1450 оқушы қатысса, оның ішінде 800-ге жуық оқушы екінші айналымға жолдама алған.

Ал өткен жылы Семейде өткен пәндік олимпиадаға 1434 оқушы қатысыпты. І орын алған 59 оқушы облысқа жолдама ұтып алып, оның ішінде 32  семейлік жасөспірім жүлделі орыннан көрінген.

Сайыс үздіктерін анықтау мақсатында қаламыздағы жоғары санатты ұстаздар қазылық етуде. Жеңімпаздар Өскемен қаласында өтетін олимпиадада Семейдің намысын қорғайтын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жүлделі орыннан көрінулеріне тілектеспіз.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО презентовали Дорожную Карту по комплексному решению экологических проблем

Читали: 38 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 24.11. “Semeyainasy” –  В Дорожную карту включены мероприятия по продвижению вопросов …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ