Домой / Новости / Город / Қала басшысы түрік инвесторларымен кездесті

Қала басшысы түрік инвесторларымен кездесті

Семей.06.09.”Semeyainasy”. Семейге ” DESA” ірі түрік концернінің өкілдері келді.Олар теріні қайта өңдеумен айналысады. Қазіргі уақытта инвесторлар Қазақстанның инвестициялық қорымен банк алдындағы берешекті өтеу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.
28bfa0ea-5ba3-4769-bdab-0fb2a14e3af2
Кездесу барысында серіктестік жүргізу сөз болды.
– Әлемдік тәжірибеде тері дайындау орталықтандырылған түрде өңдеу кешенінде жүргізіледі. Яғни, бұл кезеңмен былғары комбинаты да айналысу керек. Белгілі бір технология бойынша терілерді дайындайтын, оқытылған мамандар жұмыс істейтін жеке мал сою алаңдарымен жабдықталған арнайы дайындау орталығын ұйымдастыру қажет. Бұл болашақ тері сапасының кепілі, – деді “DESA” компаниясының бас директоры Burak Celet.
Мамандардың айтуынша, мұндай дайындау орталығының жұмысын ретке келтіру қиындық тудырмайды. Себебі ШҚО-да алдын ала жұмыс Семей тері комбинаты әкімшілігінің күшімен жүргізілген.
Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Levi

Посмотрите также...

В РгК «Восток» стартовали международные военные учения

Читали: 12 Семей. 16.09.2019. Стартовали оперативно-тактические командно-штабные учения «Шығыс-2019». На строевом плацу учебного центра «Шығыс» …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ