Домой / Новости / Город / Қала бюджеті талқыланды

Қала бюджеті талқыланды

data-ad-slot="1867841055">

IMG_4130

Семей.18.10. “Semeyainasy” – Бүгін қала әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы болды.

Сессияда айтылғандай, қала бюджеті 320 351,8 мың теңгеге ұлғаяды. Қала қазынасына облыстық бюджеттен 307 979,1 мың теңге бөлінген. Бұл соммаға қосымша 1 178 994 мың теңге қарастырылды.

Соның ішінде қала мектептеріне 3,41 мың, мектепалды мекемелерінің қызмет процессін автоматизациялауға 8 938 мың, «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттарына 19 715 мың, сондай-ақ 1 150 000 мың теңге Қарағайлы ықшам ауданында бой көтеріп жатқан сегіз қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына бөлінген.

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық қорғау бағыттары бойынша 11 874,6 мың теңгеге, білім беру саласында 49 419,7 мың теңгеге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту қызметінде 2 511,9 мың теңгеге шығыс көлемі ұлғайтылмақ.

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерде көшелерді жарықтандыру, спорт нысандарын дамыту бағытындағы шығындар көбейеді. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, сумен қамту және жылу беру жүйелерін, ауылшаруашылығын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты шығындар азаяды, – дейді Семей қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Сәуле Қасенова.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Найдены останки самого большого динозавра в истории Земли

Читали: 32 data-ad-slot="1867841055">  22 января 2021, 21:05  Фото: The world news platform Семей.23.01.”Semeyainasy” – Останки гигантского …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ