Домой / Новости / Город / Қала кәсіпкерлері қалалық әкімдікте бас қосты

Қала кәсіпкерлері қалалық әкімдікте бас қосты

data-ad-slot="1867841055">

IMG_8848

Семей.09.08. “Semeyainasy” – Жаз басталғалы Семейде абаттандыру жұмыстары жанданып келеді.  Қазір М.Әуезов, Невзоровтар отбасы атындағы музей және Абай алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда қала әкімі Ермак Сәлімов қала кәсіпкерлеріне, дүкендер мен сауда үйлерінің иелеріне ғимарат алдын абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы кеше қалалық әкімдікте өткен жиында нақты тапсырмалар берді.

Кәсіпкерлердің басын қосқан жиында қаланы абаттандыруға қатысты көкейкесті мәселелер қозғалды. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нугеров «ParkCity», «Апрель», «Рахат», «Айдана»  сауда үйлері мен «Адал» супермаркеттерінің абаттандыру жұмыстарына көңілі толатынын жеткізіп,  өзге кәсіпкерлерді аталған ғимарат басшыларынан үлгі алуға шақырды. Сондай-ақ  Марат Нугеров мүгедек жандардың ғимаратқа кіріп –шығуына  кедергі келтіретін «Ақшың» сауда үйінің айналмалы есігін сынға алып, ғимаратта мүгедектердің екінші қабатқа көтерілуіне  мүмкіндік жоқ екенін айтып өтті.

– Defacto, Апрель сауда үйлерінде өздігінен ашылатын есік бар. Ал Ақшың сауда үйінің айналмалы есігі арқылы мүгедектердің жүріп тұруы тіпті мүмкін емес. Апрель сауда үйінің төлем кассасы да мүгедектер жағдайын ескермеген. Сондай-ақ көпшілік тамақтану орындары, дәмханалар мен мейрамханалар ғимарат ішін желдетуге дұрыс көңіл бөлмейді. Ал жаз мезгілі тойдың көп болатын уақыты екенін ескерсек, фотографтардың бір сурет үшін 500 теңге сұрайтыны да жөн емес, – дейді М. Нугеров мырза.

Оның айтуына қарағанда бүгінгі күні шаһарда жеке саудамен айналысатын адамдардың саны – 55 000 болса,  1500 дүкен, 3500 бутик халық игілігіне  жұмыс істеп тұр.  Ал тұтынушылардың құқын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков  болса қала дүкендерінің жартысына жуығында қоқыс салатын жәшіктердің жоқ екенін тілге тиек етті:

-Кейбір дүкен иелері қоқыс салатын жәшік қою қажеттілігін де ескермейді. ЦУМ,  Базар, 30 гвардиялық және 72 квартал аялдамаларындағы қоқыс жәшіктері қашанда лық толып тұрады. Ал аялдамалардағы жарнама қағаздарынан көз ала алмайсыз. Соңғы уақытта аялдамаларды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондықтан кәсіпкерлерге аялдамаларға жарнама ілуге арналған электронды тақта ілуді ұсынамын, – деген Б. Шегедеков осы күнге дейін санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты.

Жиында айтылғандай, жыл басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған сауда үйлері мен дүңгіршектерге қатысты 200 әкімшілік іс қозғалып, 12,5 млн теңгеге айыппұл салынған.

-Қазіргі уақытқа дейін 356 көшеге тексеріс жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге ескертулер қағаздары жіберілді. Рейд барысында Чехова, Спартак, Әуезов даңғыл , Глинки, Қабанбай батыр  көшелері бойында заңсыз саудамен айналысатын саудагерлер тобы анықталды. Олар үнемі біздің бақылауда. Заңды белшесінен басқан жүргізушілер де жоқ емес. Қатты қоқыс қалдықтарын қажетті орынға апарып төкпегені үшін 45  жүргізушіге 2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді  қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары.

Жиын барысында барлық кәсіпкерлер  жаңа  құрылыс материалдарын пайдалана отырып ғимарат алдын жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, жерге брусчаткалар төсеуге міндеттелді. Ал уақытша саудамен айналысатындарға сауда павильондарын ретке келтіру жүктелді. Сондай-ақ баннерлерде ілінген жарнамалар екі тілде болу қажеттілігі айтылды. Қазақ тіліндегі ақпараттар баннердің үстіңгі жағында және сол жақта, ал орыс тіліндегі ақпараттар  астында және оң жақта орналасуы тиіс.

Жиынды қорытындылай келе, қала әкімі Ермак Сәлімов кәсіпкерлердің қойған сауалдарына жауап беріп, олардың мәселелерін шешуге жәрдемдесетінін, қаланы абаттандыру жұмыстарының кәсіпкерлер көмегімен біртіндеп жүзеге асатынын жеткізді.

Айзада Сламбаева

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО выбрали «Лучшего военного следователя

Читали: 65 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 16.01. “Semeyainasy” – В Восточном региональном ВСУ МВД РК прошло расширенное …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ