Домой / Новости / ВКО / Құрбан айт мерекесіне орай Үржар ауданындағы Қабанбай ауылының тумасы Төлеужан Мұратқызы Ғалиева 250 бас ұсақ малды құрбандыққа шалды

Құрбан айт мерекесіне орай Үржар ауданындағы Қабанбай ауылының тумасы Төлеужан Мұратқызы Ғалиева 250 бас ұсақ малды құрбандыққа шалды

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 01.08. “Semeyainasy” – Құрбан айт мерекесіне орай Үржар ауданындағы Қабанбай ауылының тумасы, Алматыдағы туристік фирманың белді қызметкері Төлеужан Мұратқызы Ғалиева 250 бас ұсақ малды құрбандыққа шалды.
Құрбандыққа шалынған малдың еттері Қабанбай мен Қарабұлақ ауылындарында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты адамдарға таратылды. Оған ауыл тұрғындары дән риза.
Айта кетейік, Төлеужан Мұратқызының қолдауымен Қабанбай ауылындағы 250 және Қарабұлақ ауылындағы 30 отбасына көмек көрсетілді.


Бұл игі істен Үржар ауданындағы Көлденең ауылында құрылған “Юбилейный” ЖШС-нің басшысы Мамырбек Қарашев та шет қалмады. Ол
түйені құрбандыққа шалып, 100 отбасыға 700 келі ет үлестіріп берді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер, сонымен қатар мұқтаж жандар да бар.
Құрбан айтта жерлестерін назардан тыс қалдырмай, көмек көрсеткен Мамырбек Бақтығазыұлына жерлестерінің айтар алғысы зор.
Айта кетейік, Құрбан айт күллі мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мереке. Бұл татулық пен бауырмалдыққа үндейтін мейрам екенін атап өткен орынды.
Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығы кешелі бері онлайн құрбандық шалып, игі істер мен сауапты амалдарды ​ жүзеге асыруда.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Определены регионы с самым высоким процентом выявляемости антител к SARS-CoV-2 в Казахстане,

Читали: 28 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 03.08. “Semeyainasy” – Сегодня одна из крупнейших компаний Казахстана, специализирующаяся на …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ