Последние новости
Домой / Новости / ВКО / Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 21.04. “Semeyainasy” – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың карантин және төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді төмендету туралы тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 18.04.2020 ж. №212 Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдарға шығындарды өтеу қағидаларын бекітті.


15 мың теңгеден коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдармен келісім-шарты бар келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:

  • 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көп балалы отбасылар;
    – Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • ең төменгі және одан аз зейнетақы алушы зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
    «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем келесі коммуналдық қызметтер бойынша жүргізіледі:
  • сумен жабдықтау,
  • кәріз,
  • газбен жабдықтау,
  • электрмен жабдықтау,
  • жылумен жабдықтау,
  • қоқыс шығару
  • лифтілерге қызмет көрсету.
    Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған қаражат азаматтарға берілмейтінін, коммуналдық кәсіпорындардың жеке шоттарына жіберілетінін атап өтемін.
    Шығындарды өтеу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға Call-орталықтар (қалалар мен аудандардың ТКШ бөлімдері) арқылы өтініш беру қажет. Call-орталыққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), жеке шоттарды және әлеуметтік мәртебесін айту қажет.
    Қалалар мен аудандардың Call-орталықтарының жұмысы 2020 жылдың 21 сәуірінен басталады.
    Түсініктеме беру үшін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында 701-238 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтін болады
    Коммуналдық қызмет көрсету ережесіне сәйкес есептеулер бойынша төлем мерзімі сәуір айы бойынша мамырда, мамыр айы бойынша – маусымда басталады.
    Өтінімдерді уақытылы беруді, тыныштықты сақтауды және үйде қалуды сұраймыз.

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Школа в Семее активно работает в экологическом направлении

Читали: 12 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 05.06. “Semeyainasy” – Сегодня отмечается День эколога. Активное участие в сохранении окружающей …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ