Домой / Новости / ВКО / ҮНДІСТАННАН ҚОС АЛТЫН

ҮНДІСТАННАН ҚОС АЛТЫН

Семей. 16.09.2019. “Semeyainasy”. Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды.

Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отыз тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының үш спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг чемпион атанса, ересектер арасында Руслан Жарқынбаев 82 кг алтын алды. 74 кг белдескен Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестікке кірді. Спорт академиясының бапкері Біржан Имаханов Азия чемпионатында төрешілік жасап, «үздік төреші» дипломымен марапатталды. Айта кетейік, біздің спортшыларды Үнді еліне Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов баптап апарған болатын. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 алтын, 7 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.   

От Levi

Посмотрите также...

Куда жаловаться на ложную выдачу лекарств

Читали: 14 Семей. 15.10. “Semeyainasy” – Запущенный в Казахстане электронный паспорт здоровья (ЭПЗ) поможет прекратить …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ