Домой / Последние новости / Ұлттығымызды ұлықтаған көрме, көрермен назарында

Ұлттығымызды ұлықтаған көрме, көрермен назарында

Семей. 13.09.2019. ” Semeyainasy”. Елдің елдігін,ұлттың ұлылығын көрсететін өнер. Ал қазақтың өнері толағай теңіз,соның ішінде қолөнер кәсібі ежелден дағдыланған сүбелі сарқыт.

Бүгінде егемен елдің ұрпақтары бұл өнерді жалғастырып келеді. Бес саусағынан өнер тамған қолөнершілер қаламыздың орталық саябағында жиналып үлкен көрме өткізді.Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бекжан батырдың 310 жылдығына орайластырылған Халықаралық «Асыл мұра» қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдары аясында өтті.
Ашық аспан астындағы таң ғажайып көрмеге жиылған халық саны көп болды. Көз сүрінтер көрмеде барлығы қолдан жасалған бүйымдардан іздегеніңді табасың.Ою-өрнектен бастап ағаштан жасалған не түрлі мүсіндер қолдан тоқылған құыршақтар, зергерлік бұйымдар мен қыл қалам шеберлерінің сүреттері ағаштан ойылып жасалған ат мүсіндері мен не түрлі қолөнер аспаптар қойылды.Тіпті кейбір шеберлер сол жерде оюын өрнектеп,темірін соғып өнерлерін халыққа көрсетіп жатты.


Көрмеге қоржынын көтере келген, он саусағын өнер тамған Асқан Сейілбек апайымыз қазақтың оюынан түлі бұйымдар жасапты. «Қол өнерді кішкентай кезімнен білемін,білімім қолөнер мұғалімі. Педколледжде қолөнерден сабақ бердім.Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлікпен айналысам. Барлығы қолдың шаруасы, сұранысқа ие,қыздың жасауы, қолсумкалардың барлығы қазақы нақышта тігілген алушы көп болған соң халыққа өтімді дүниелерімді әкеліп отырмын»,-дейді шеберіміз.
Көрмеге тұындыларын тізген тағы бір шеберіміз Аймұханбетов Құрман Абайұлы ағашқа жан бітіргенбе дерсің,әр тұындысында айтар ойы,көздеген мақсаты көрініп тұратын қас шебер 30 ға жұық тұындылардың авторы «Ананың көз жасы», «Өлім себуші саңырауқұлақтың табиғатқа әсері», «Үш ем: қызыл маймыл ,ұл» тақырыбындағы мүсіндер зарлы тағдырдың жарасын жазбай аңғартады.Шебердің өз иедеясынан шыққан әлі еш жерден кездестіріп көрмеген ерекше ағаш мүсінінің тағы бірі «Полигон қасіреті» бұл мүсінде полигоннан зардап шеккен бір тағдыр арқылы бүкіл қазақтың қасіретін көрсеткен автордың еңбегі жұртшылықты елең еткізбей қоймады.


Еңбекпен жасалған ерекше бұйымдардың барлығы ерекше қабілетке ие шеберлердің саусағынан тұындаған дүниелер.Ұлттық құдылығымыздың отын ошірмей,шеберлерімізді шыңдай түсетін осындай шаралардың берері көп,өнегесі өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.
Нұрзат Ғалбият

От Levi

Посмотрите также...

В ВКО откроется Центр привлечения инвесторов

Читали: 197 09.09.”Semeyainasy”. В сентябре в ВКО откроется Центр привлечения инвесторов и продвижения инвестиционных проектовПодробно …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ