Домой / Новости / Город / Ұлылар мекені болған «Саржал»

Ұлылар мекені болған «Саржал»

data-ad-slot="1867841055">

IMG_4768

Семей.26.09. “Semeyainasy” – Бүгін шаһарымыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Бекен Нұғыманұлының «Саржал» ауылымның тарихы – елімнің тарихы атты кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

Жаңа кітаптың тұсауын кесу мәртебесі ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтаған жергілікті этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлына берілді. Жиында сөз алған Молдабек ақсақал Саржал жері жайында сыр шертетін тарихи маңызға ие туынды өте жоғары деңгейде жазылғанын айтып, өзінің 25 жыл ұстаған қаламын Бекен Теміровке табыс етті. Сондай-ақ шара барысында кітап мазмұнына кішігірім шолу жасалып, Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Ауылым жайлы жыр жазам» әніне байланыстырылып әзірлеген Саржал ауылының көрінісі көрермендерге видео арқылы көрсетілді.

Әдеби сазды кеште Әміре Қашаубаев атындағы қалалық филормонияның өнер иелері домбырамен күмбірлетіп треме орындап, жиналған қауымға қазақ дәстүрлі өнерінің құдіретін сездірді.

Бекен ағаның туған ауылы жөніндегі толғауын оқырмандар оқығаннан кейін, кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.
Кеш соңында, алдағы уақытта «Саржал» энцклопедиясы жарық көретінін айтып, осы мерекелік әдеби кешке келген барлық азаматтарға өзінің ризашылығын білдірді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Семее продлили отопительный сезон

Читали: 60 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.04. “Semeyainasy” – Решение продлить отопительный сезон ориентировочно до 25 апреля …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ