Последние новости
Домой / Новости / Город / Ұлы Абай өлкесіне саяхат

Ұлы Абай өлкесіне саяхат

Семей. 09.10. “Semeyainasy” – –Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойы қарсаңындағы ауқымды шаралардың тағы бірі өз жалғасын тапты.8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласынан «Рухани жаңғыру» бағдарлармасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы Абай өлкесіне саяхат» атты туристік топ Семей қаласына келіп тоқтады.Тарихи өлкені тамашалауға жалпы жиыны 50- ге тарта  мекетеп оқушылары келді.

 Ішкі туризімді дамыту мақсатындағы ауқымды жобаның бір көрінісі болып табылатын бұл жоба мектеп оқушыларына Абайды тануға,шежірелі жердің руханиятымен үндесуге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. «Туристік орындар десе демалатын,көңіл көтеретін орындарды елестетеміз,десекте тарихи орындарды туристік орын ретінде алып,ұлы тұлғаларымзды жас ұрпаққа осылай дәріптей білсек үлкен абырой»,- деп өз ойын білдірді  «TOGAS» туристік компаниясының атқарушы директоры Сымбат Рамазанов.

  3 күн бойы Семей шаһарын аралап,Жидебайға ат басын бұруды көздеп келген туристеріміз алдымен Абай музейін арлап,хәкім әлемімен танысып,жазушының қолданған заттарын көзбен көріп тамшалады.Одан әрмен Достоевский музейінде болып ,балалар топқа бөлініп интерактифті сабақ өткізді.Сабақ барысында қылқаламмен жазу ойыны ұйымдастырылды.Саяхаттың алғашқы күніндегі тағы бір керемет Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында экскурсия болды.Тарихи жермен танысуға келген бүлдіршіндеріміз саяхаттарының екінші күнінде Күшікбай батыр суына барып,махаббаттың дастанына айналған Еңілік-Кебек үңгіріне бас сұғып,Мұхтар Әуезов мұражай-үйіне экскурсия жасап, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйіне баруды жоспарлап отыр.

Тарихи жерлерімізді танытуға бағытталған аталмыш шара жас өспірімдерге керемет көңіл күй сыйлаумен қатар өткенімізді тантуға өз септігін тигізіп отыр.

      Нұрзат ҒАЛБИЯТ

От Levi

Посмотрите также...

Уголки самообслуживания появились в поликлиниках города Семей

Читали: 28 Семей. 12.12. “Semeyainasy” – По инициативе областного филиала госкорпорации «Правительство для граждан» и …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ