Домой / Интересные люди / ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС АРДАГЕРІ БЕЙСЕМБАЙ ҚОЙШЫБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС АРДАГЕРІ БЕЙСЕМБАЙ ҚОЙШЫБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171226-WA0008

Семей. 26.12. «Semeyainasy» – Ешкімде, ешқашан ұмытылмайды…  Көпке топырақ шашпайын, алайда жастарымыз осы ашық аспан астында тұрып жатқанымызға кімдер себепкер болғанын ұмытып бара жатқан сынды. Бүгінгі менің сіздерге әңгімелейтін кейіпкерім – Ұлы Отан соғысының ардагері Бейсембай Қойшыбеков.

Құрбымның үйіне барсам да ескертусіз бармайтынмын. Алайда Бейсембай атаның тек мекен-жайын ғана білетін едім, сол себепті ескертусіз есігін қақтым. Есікті жүзі жылы, көздері мөлдіреген, шамамен 80-нен асқан апам ашты. Өзімді таныстырып, мән-жайды түсіндіргенімше апам үйге кіруімді өтінді. Тоқсанның төртеуін алқымдаған Бейсембай атамның сұхбат барысында жауаптары да қысқа әрі нұсқа болды. Әрине, ғасырға жуық өмірдің ащысы мен тұщысын көрген  атамызға ол кешірімді жағдай. Жалпы өз басым үлкен адамдарың әңгімесін тыңдаған ұнатамын.

Ата, балалық шаққа шолу жасап өтсек. Бала кезіңіз туралы айтып беріңізші? Қандай да бір қызықты сәттер, мүмкін, есіңізде қалған болар.

Жас кезімде ешқандай қызық көргенім жоқ. Әке-шешеден екі жасымда жетім қалдым, 2 жыл балалар үйінде болдым. 2 сыныптан бастап Алтайский крайдың Степлянка деген жерінде қара жұмысқа жегіліп, мал бақтым. Сөйтіп жүріп соғысқа кеттім. Соғыста екі рет жараландым. Ленинградта, Сталинградта болдым. Содан Белорусь фронтына, одан кейін Украина фронтына келдім. 9 мамыр күні соғыс бітті, деп бізге хабарлады. Жеңісті  Германияда қарсы алдық.

Соғыстан кейін немен айналыстыңыз?

Соғыс 1945 жылы бітті ғой, бірақ соғыстан кейін үлкендердің бәрін қайтарды да, бізді, жастарды 2 жылға алып қалды. 1947 жылға дейін Мәскеуде әскерде болдым. Куйбышев атындағы әскери-инженерлік академияда қызметте болдым. 1942-1943 жылдары окопта жатқанымызда, біреулер келіп, партияға өтулерің керек деп әлек салды. Мені де болмай партияға өткізіп, қол қойдырып алып кетті. Сол партиялық билетті әскери-инженерлік академияда 1946 жылы полиция бөлімінің басшысы (атын ұмытып қалдым) маған табыстады. Көп нәрсені ұмытып қалдым, жасым 90-ның төртеуіне келді. 1947 жылы елге оралып,  отау құрдым. Халық шаруашылығы күйреген, жұмыс жоқ. Біраз уақыт Терістаңбалы, Владимировка, Бесбай елді мекендерінде мал бақтым. Стеклянкада оқыған екі кластық біліміммен Баженовкадан ауысып, 1948 жылдан бастап поштаның басшысы болдым. 2 класстық білімім ғана болса да 7 класстың аттестатын әкеліп берді. Сол біліміммен Рабкоптың басшысы қылды. Осылайша 1960 – 1983 жылдар аралығында  рабкоптың басшысы болып табан аудармай 23 жыл қызмет істедім. Ол кезде не техника болмады. Сөйтіп, 1983 жылы зейнеткерлікке шықтым.

IMG-20171226-WA0010

-1932-1933 жылдары бар болғаны 9-10  жаста болдыңыз. Ашаршылық жылдары есіңізде қалған болар.

Ол жылдар туралы есімде көп ештеңе жоқ. Алайда ол кезде адамдардың пейілі кең болатын. Бір тілім нанды бөліп жеп отыратын. Әйтеуір, есімде қалғаны өгізбен қой бағатынмын. Сол өгізбен жүріп жол салатынмын. Жүрмейтін жалқау өгізім, әлі есімнен кетпейді.

– Қай жылдары отбасы құрдыңыз? Алғашқы махаббатыңызды еске түсірсек.

-1947 жылы үйлендім. Бірінші зайыбымның дүниеден өткеніне 30 жылдай болып қалды. Ол кісіден 6 бала сүйдім, оның үшеуі ерте қайтыс болды. … әжеңмен бірге ғұмыр кешіп келе жатқаныма 20 жылдан асты. Баламыз бар, енді осы кісімен Алланың берген дәм-тұзын бірге көрерміз. Шүкір берекеміз, өз несібеміз бар.

Осы сәтте … әже ұлының үйінде тұрып жатқандарын айтып, келінін өз қызындай көретінін сөз етіп, бір марқайып қалды.

Әттеген-ай дейтін кездер көп адамда болып жатады. Өткенге өкінетін сәттер бар ма?

Әттеген-ай деген кез жоқ десем де болады. Неге десеңіз, шаруа істеп жүргеннен кейін қателіксіз болмайды. Кемшіліксіз ештеңе жоқ, балам. Өзіңді мақтап, кеудені керуге де болмайды.Өмірде біраз нәрсені көрдім. Шалыс та бастым, ұттым да, ұтылдым да. Жетімдікті, ашаршылықты, жоқшылықты да көрдім. Таяқ та жедім. Құдайға шүкір, ешқандай өкпем жоқ бұл өмірге. Міне, жолдасыммен бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп келемін.

 Соғыс уақытында қиыншылықты бірге бастан өткеріп, жеңіске бірге жеткен, осы күнге дейін қасыңыздан табылып отырған достарыңыз бар ма?

Соғыстың аяқталғанына да жетпіс жылдан асты. Достарымның көбі санамнан ұмыт болып бара жатыр. Бірақ есімде қалған Дадеркин деген досым бар. Ұлты – белорус. Мен әскерге барғанымда ол қайтуға ыңғайланып жүр екен. Алайда екі ортада соғыс басталып кетті. Сол беті оны еліне қайтармады. Ол кезде Дадеркин команда жетекшісі болды. Мені басымнан сипап, жанынан қалдырмады. Қазір ол жоқ та шығар. Ешқашан сол Дадеркинды ұмытпаймын. Жасаған жақсылықтарын ұмытпаймын.

IMG-20171226-WA0011

(… әжей де әңгіме барысына қосылып,  көрген қиындықтарды күрсіне есіне алды.  Біразын әңгімелеп те берді).

Шешімнің аяғы сал болды, апамның көзі көрмейді. Ол кезде мен шамамен 15-16 жастамын. Сиыр да саудық, астын да тазаладық. 1956 жылдан кейін барып қана жағдай түзеле бастады. Одан бұрын көптеген қиыншылық болды. Күзетші де болдым, қой да бақтым. Жас кезімде істемеген жұмысым жоқ. Енді сендер ондай қиындық көрмесеңдер екен деймін.  

Үлкен кісі болғандықтан, Бейсембай атаға көп сұрақ қойып шаршатқым келмеді. Қалай дегенмен, соғыс туралы еске алу кімге болса да оңай соқпасы анық. Атаға ауыр тисе де, есінде қалған сәттерін асықпай әңгімелеп берді. Аз уақыттың ішінде ол кісіге бауыр басып та үлгердім. Зейнеткер апам да маған алғысын жаудырып жатты.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері күн санап арамыздан сиреп барады. Осы орайда олардың әңгімесін тыңдап, сұхбаттасып қайтудың өзі бір ғанибет.

 

Асель Қайырбекова 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Любовь Бароховская: Нет ничего более важного в жизни ,чем знание своих истоков… ( продолжение)

Читали: 1 260 data-ad-slot="1867841055">   Семей.21.06 “Semeyainasy” –  Информационное агентство”Semeyainasy” продолжает публикацию цикла воспоминаний Любови Бароховской …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ