Домой / Новости / Город / ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІ: 8 жүлде семейлік самбошылардың еншісінде

ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІ: 8 жүлде семейлік самбошылардың еншісінде

data-ad-slot="1867841055">

ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 6-8 шілде күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан Әлем Кубогы кезеңі болып өтті. Спорттық шарада 16 мемлекеттің самбошылары бағын сынаған еді. Ел намысын шығысқазақстандық спортшылар абыроймен қорғай білді. Самбо күресі бойынша бір алтын, екі күміс, бір қоланы, сондай-ақ әскери самбодан қос алтын мен қос күміс жүлдені қоржынға салды.

Елбасының жүлдесіне арналған Әлем Кубогында Қазақстан құрама командасы, оның ішінде шығысқазақстандық құрама сапында өнер көрсеткен Семей қаласы бойынша №1 ШҚО ОР МБЖСМ-нің («Семей» спорт академиясы) тәрбиеленушілері де өте жақсы өнер көрсеткен. Жалпы командалық есепте 13 алтын, 12 күміс, 29 қола медальмен Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, Кубок иегері атанып отыр.

Сонымен, әйелдер арасында Назгүл Елмұратова 52 кг салмақта ешкімге дес бермей, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, 74 келі салмақтағы Елдар Бейсембаев күміспен күптелді. 82 келі салмақтағы Жарқынбаев Руслан ІІ орын төрінен көрінсе, ауыр салмақтағы балуан Ерасыл Қажыбаев үшінші орынға көтеріле білді. Сондай-ақ, әскери самбодан Смаилов Асылбек пен Мәди Райхан чемпион атанса, Дайырбаев Мақсат пен Сәметов Айбек күміс жүлделерге қол жеткізе білді.

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Семее внедряют приложение «Ashyq».

Читали: 1 data-ad-slot="1867841055"> Семей.14.05.”Semeyainasy” – Приложение позволяет при помощи QR-кода и интеграции с общей базой …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ