Домой / Новости / Город / Әлеуметтік қызметкерлер бас қосты

Әлеуметтік қызметкерлер бас қосты

data-ad-slot="1867841055">

teambuilding

Семей.05.09. «Semeyainasy» — 22 қыркүйек күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы өтпек. Форум қарсаңында кеше, яғни 4 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Басқосуға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Азамат Құрманғалиев, «Жанұя орталығы» қорының президенті Жанна Жибраева арнайы қатысты.

Жиын барысында әлеуметтік жұмыстың даму мүмкіндіктері, әлеуметтік қызметкерлерге қатысты келелі мәселелер қозғалды. Жиында сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова:

– Әлеуметтік қызметкерлердің республикалық бірінші форумы әлеуметтік қызметшілердің статусын көтеруге өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда әлеуметтік қызметкерлер құқықтық тұрғыда қорғалмаған. Ол бір жағынан мемлекетке, екінші жағынан өзі қызмет көрсететін адамға жұмыс істейді. Бұдан былай оның құқығы қорғалып, мәртебесі биіктей түспек. Форумның елдегі әлеуметтік қызметкерлерге қатысты барлық мәселелерді шешу жолында ықпалы зор болмақ. Бұл мемлекет тарапынан ұсынылып отырған игі бастама. Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлер Ассоциациясы 2011 жылы құрылғанымен, сол жылдан бері мұндай ауқымды іс-шара өткізілмеді. Форумда талқыланатын барлық мәселелер, ұсыныстар мен тың идеялар министрлікке жетеді, – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО подвели итоги Года волонтера

Читали: 33 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 20.01. “Semeyainasy” – Сегодня на расширенном аппаратном совещании под председательством главы …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ