Домой / Новости / Город / Әлеуметтік қызметкерлер төл мерекесін тойлады

Әлеуметтік қызметкерлер төл мерекесін тойлады

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171026-WA0033

Семей.26.10. “Semeyainasy” – Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Айтулы мерекеге орай қалалық Мәдениет сарайында салтанатты кеш өтті. Осы ретте қала әкімі Ермак Сәлімов әлеуметтік салада елеулі еңбек етіп жүрген қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Еңбегі бағаланған сала қызметкерлері «Әлеуметтік саланың үздігі» төсбелгілерімен және қала әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шараның жалғасы Семей қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілері мен өзге өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Қала әкімі Ермак Сәлімов:

— Құрметті әріптестер сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн мұқтаждарға жанашыр болған асыл жандардың мейрамы. Халқымыз қашанда сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болған. Сіздердің баршаларыңызға алғысымды білдіріп, мықты денсаулық, мол бақыт тілеймін.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Даниал Ахметов поздравил восточноказахстанок с Международным женским днем

Читали: 47 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 08.03. “Semeyainasy” – Аким ВКО Даниал Ахметов поздравил восточноказахстанок с 8 …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ