Домой / Новости / Город / Әлихан Бөкейханов ескерткішінің ашылу салтанаты өтті

Әлихан Бөкейханов ескерткішінің ашылу салтанаты өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG_9641

Семей.22.09. “Semeyainasy” – Қаламызда «Арбат» маңында орналасқан Жеңіс саябағында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орайластырылып Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткішнің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Архитектуралық ерекшелігімен көздің жауын алатын ескерткіш авторы белгілі мүсінші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов.

Жиында сахына төріне шығып сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов Алаш ұлттық автономиясы, Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жасалған тамаша тартуға ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, Ә.Бөкейхановтың ұрпақтарына және сәулетші Б.Мұхаметжановқа қала тұрғындарының атынан шексіз алғысын білдірді.

Орнатылған мүсіннің ашылу салтанатына мекеме басшылары, ардагерлер, алаштанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ Астананың төрінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев келді.

Шара барысында Әлихан Бөкейхановқа арнау өлеңдер оқылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетерлігі, жергілікті бюджеттен ескерткішті әзірлеу және орнатуға 31 млн. теңгеден аса қаражат бөлінді
Жиын соңында, салтанатқа қатысушылар Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың ескерткіші жанында естелік суретке түсті.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО назвали лидеров «ASHYQ»

Читали: 13 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 14.06. “Semeyainasy” – Проект «Ashyq» позволяет минимизировать риски распространения COVID-19 и …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ