Домой / Новости / Город / ӘРІПТЕСІМІЗ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

ӘРІПТЕСІМІЗ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

data-ad-slot="1867841055">

Жумабеков Асхат Советханович, НИШ Семей

Семей. 27.09. “Semeyainasy” – Биылғы «Ұстаздар күні» қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Асхат Жұмабеков «Үздік педагог 2018» республикалық сайысында жеңімпаз атанды. Қоғамда ұстаз мамандығының мәртебесін көтеріп, үлгілі ұстаздардың іс –тәжірибелерін таратуды мақсат ететін байқау елімізде алғаш рет 2012 жылы ұйымдастырылған. Күні бүгінге дейін аталмыш сайысқа 27 мыңнан аса ұстаздар қатысып, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім саласының 304 өкілі жеңімпаз болып танылған. Ал биылғы жылы республикалық комиссия қарауына үздік атануға үміткер мектепке дейінгі және орта білім беру саласынан 109, техникалық және кәсіби білім саласы бойынша 37 ұстаздың құжаты келіп түскен. Сайыс қорытындысы бойынша 64 ұстаз үздік деп танылып, оларға «Үздік педагог 2018 жыл» төсбелгісі табысталатын болады. Жеңімпаздарды марапаттау 2 қазан күні Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен өтеді деп жоспарлануда.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан ескерілген түрлі критерилерді басшылыққа ала отырып анықталған. Оның ішінде білім саласына енгізген жаңалықтар, шәкірт тәрбиелеу жолындағы ғылыми ізденістер сынды бірнеше артықшылықтар бар.

Кезекті марапатына қол жеткізген әріптесіміз бұған дейін де Назарбаев Зияткерлік мектептері ұстаздары арасында өткен «Жылдың үздік мұғалімі» сайысында жүлделі 1 –ші орынға ие болған. Соңғы 5 жылдан бері мектебімізде еңбек етіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясының түлегі ұстаздықтан бөлек, ғылыми жұмыстарға ден қойған. Нәтижесінде финдік, ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып ғылыми жұмыстар жазса, енді бірде STEM бағыты бойынша елімізде 4 бірдей Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жеке –дара зерттеулер жүргізген. Үздіксіз ізденіс үстінде жүріп 40 – тан астам түрлі ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы да атанды. Мақалалары халықаралық «IOP Science» импакт-фактор журналында жарық көрген.

Ұжым мақтанышына айналған әріптесіміз алдағы уақытта да жаңа жеңістерімен қуантарына сенімдіміз.

Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В театре имени Абая полным ходом идет ремонт к 175-летнему юбилею мыслителя.

Читали: 29 data-ad-slot="1867841055"> Семей.07.04.”Semeyainasy” – В театре имени Абая полным ходом идет ремонт к 175-летнему …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ