Домой / Последние новости / Әскери білім берудің басымдығы – жаңа білім беру технологияларын дамыту

Әскери білім берудің басымдығы – жаңа білім беру технологияларын дамыту

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 28.02. “Semeyainasy” – ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери білім мен ғылымды болашақтағы дамыту бағыттары ұсынылды.

Ұлттық қорғаныс университеті – заманауи талаптарға сай жабдықталған жетекші әскери оқу орны. Бұл университетте стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқарудың жетекші буын офицерлерін даярлауға арналған оқу-материалдық және ғылыми-зияткерлік база бар.

Аталмыш университетте Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері және шет елдік студенттер оқиды. Сонымен қатар жоғары техникалық білімі бар әскерге шақырылушылардың әскери взводы бар.

Университеттегі оқу процесі жауынгерлік іс-қимылдың заманауи үлгілерін, робототехника саласындағы әзірлемелерді, әскердегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерін зерделеу негізінде құрылған.

Оқу орнының жұмысында ғылыми-өндірістік қызмет маңызды орын алады. Диссертациялық зерттеудің негізгі шарттары жаңа жобаларды жасауға, құруға бағытталады. Көптеген зертханаларда отандық қару-жарақ пен әскери техника өндіруге қабілетті, заманауи жоғары технологиялық әскери-техникалық мүліктің үлгілерін жасап шығарып, кейін оларды әскери-өнеркәсіптік кешенге береді.

Атап айтқанда университетте алғашқы сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппараттарының үлгісі жасалып, оны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі таңда ҚР ҚК қару-жарағының құрамындағы ҰҰА-ға арналған аккумляторлық батареяларды жөндеу жұмыстары реттелген.

Университетті аралаудың қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы бірқатар нақты міндеттер қойды. Олардың қатарында жаңа білім беру технологиялары мен білім беру процестерін қолдау жүйелерін дамыту, университеттің халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне тиімді интеграция орнатып, ғылыми-зерттеу базасын жетілдіру, сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының тілдік құзіреттілігі мен біліктілігін арттыру бар.

Semeyainasy

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Хлеб подорожал на 11% за год. Дороже всего он обходится жителям нефтяных регионов, ВКО и столицы

Читали: 27 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.07. “Semeyainasy” – Стоимость хлеба в среднем по РК за год …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ