Домой / Новости / ВКО / Әскери-тергеу офицерлері марапатталды.

Әскери-тергеу офицерлері марапатталды.

data-ad-slot="1867841055">

Семей.06.04.”Semeyainasy” – Бүгін​ Қазақстан Республикасының тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Қасенов Дархан Болатбекұлы​ бастаған офицерлер ұжымы ​ әскери-тергеу саласында қызмет атқарған зейнеттегі аға буынға құрмет көрсетті.​

Дархан Болатбекұлы ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы бастығы полковник Мұхамет-Қали Қарсыбековтың атынан 2001-2014 жылдары тергеуші лауазымында ​ қызмет атқарған Чалкенов Марат Сағатқанұлы мен 1998-2012 жылдары дәл осы салада ​ еңбек еткен ​ ​ Кузьмин Александр Анатольевичті тергеу саласына сіңген еңбегі үшін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ​ арнайы сыйлықтар табыс етті.

​ ​ ​ Сонымен қатар, әскери ортада орын алып жатқан қылмыстық істерді тергеу жұмыстарында көрсеткен ​ шеберлігі мен жетістіктері үшін Өскемен бөлімінің үш бірдей тергеушісі құрмет грамоталары мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
-Жалпы, тергеуші қызметі сауаттылықты, жоғары білім мен жауапкершілікті​ талап ететін, маңызды міндет. Өйткені, олар​ нақты айғақ жинай біліп, қылмыскерді анықтай білуі тиіс.Сондықтан,​ бұл қызметке тек тәжірибелі, таңдаулы мамандар ғана шақырылады-дейді подполковник Дархан Қасенов.

“Semeyainasy”

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Военнослужащие Семейского гарнизона провели субботник

Читали: 26 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 23.04. “Semeyainasy” – Военнослужащие, проживающие в военном городке «Юность», провели субботник. …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ