Домой / Новости / Город / Өмірге құштар жандар

Өмірге құштар жандар

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20170920-WA0113

Семей.20.09. “Semeyainasy” – Бүгін Семей қалалық мәдениет сарайында нашар еститін азаматтарға арналған «Қазақ саңыраулар қоғамы» бірлестігінің 80 жыл мерей тойына, сондай-ақ алда келе жатқан қала күні мерекесіне орайластырылып үлкен салтанатты іс-шара өткізілді. Концерттік бағдарламада мүмкіндігі шектеулі жандар сахынаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өлеңдерін оқып, көптің көңілінен шығып жатты. Әр қатысушы сахналық образдарымен, орындаған әндерімен ерекшеленді. Ым-ишара арқылы орындалған патриоттық әндер тіпті керемет өте жоғары деңгейде шырқалып, талай адамның жүрегін елжіретіп жіберді. Айта кетерлігі, барлық өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі жандар облыстық, республикалық көптеген байқаулардың жүлдегерлері. Қоғамды жақсы жаққа өзгертіп, көптеген ірі жобалардың басты себепкері осы ерекше жандар екенін естен шығармауымыз керек.

Бүгінгі таңда Семей өңірінде 650-ге жуық есту және сөйлеу қабілеті нашар азаматтар тұрса, оның ішінде 300-ден аса қала тұрғыны бала күнінен мүгедек.
Жиын соңында, 80 жылдық маңызды атаулы күнге орай әзірленіп жазылған «Мы слышим сердцем» атты жаңа кітапты «Семей айнасы» ақпарат агенттігінің директоры Лейла Уразбаева қаламыздағы «Саңырау-мылқау азаматтар» клубының төрағасы Ардақ Омарға табыс етті. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

С капитального ремонта вышла бронетехника Вооруженных Сил

Читали: 24 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 24.11. “Semeyainasy” – АО «Семей Инжиниринг» в текущем году выполнил 70 …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ