Домой / Новости / ВКО / Өндірістік кооператив – даму тұтқасы

Өндірістік кооператив – даму тұтқасы

20170222124317

Семей.13.09. «Semeyainasy» — Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, нәтижесінде жалғыз шаруаның өнімі өтусіз қалатыны барлығымызға да белгілі. Міне осындай мәселелерді шешу барысында Семей өңірінде  ауыл шаруашылық кооперативтері көптеп құрылып жатыр. Ірі өндірістік кооперативтердің көп болуы ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайтып, азық-түлік қауіпсіздігін толыққанды  қамтамасыз ете алады. Қазақстанда қазір субсидиялар ауыл шаруашылығына өте жоғары деңгейде бөлініп,  мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде.

Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 15 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 400-ге жуық  адам жұмыс жасауда. Озерки ауылдық округінде қала бойынша алғашқыларының бірі болып,  2 ауылшаруашылық кооператив ашылды. 2016 жылдың наурыз айында «Климов и К» кооперативі қолдан мал ұрықтандыру жұмысын қолға алып, бүгінгі күні өз жұмыстарын жақсы дөңгелетуде. Қаракөл елді мекені бойынша 2016 жылдың қыркүйек айында «Бейсбеков и К» өндірістік кооператив ашып, сүт шаруашылығын дамытуда жұмыс жасауда.

Кейінгі жылдары өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұрған Приречный ауылдық округінде  «Восток Агро Союз» өнімдерді   сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау кооперативі  тынымсыз еңбек етуде. Сонымен қатар, мал шаруашылығымен   айналысатын «Гранитный»  ұжымы қазіргі таңда жақсы нәтижиелерге қол жеткізуде . Сондай-ақ өңірімізде Навобоженов елді мекенінде «Еркежан»,  Достық ауылында   орналасқан «Достық-17»,  Жиенәлі ауылдық округіндегі «Нұрлы Бастау — Агро», Ақбұлақ жерінде жұмыс істеп жатқан «Амре Агро»  сынды көптеген кооператвтер өз істерін одан әрі  жандандыруда.

Егерде барша аудан тұрғындары коопертивтердің дамуына өздерінің күш-жігерлерін толыққанды біріктіретін болса, онда отандық өнім экспорты бойынша әлемдік аренада өзге мемлекеттермен иық тірестіретіндей бәсекеге қабілетті болмақ.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

060608_20

В Восточном Казахстане проходит слет юных краеведов и туристов «Менің Отаным – Қазақстан»

Региональный научно-практический Центр «Дарын» в рамках реализации программы модернизации общественного сознания «Рухани жаңғыру» проводит слет …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ