Домой / Новости / ВКО / Өскемендегі 22-шағын ауданға жарық пен су тартылады

Өскемендегі 22-шағын ауданға жарық пен су тартылады

data-ad-slot="1867841055">

Фабрика форматов_G9C0741

Өңір тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдаған облыс әкімі Даниал Ахметов 22-шағын аудандағы 140 учаскеге келер жылы су мен электр энергиясы тартылатынын хабарлады. Айта кету керек, облыс орталығының аталмыш бөлігінде бұған дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген үйлерге ғана инфрақұрылым желісі жүргізілген болатын.

«Нұр Отан» партиясы ғимаратында өткен қабылдауға келген қала тұрғыны Роза Мұхамжарова 3 жыл бойы жарықсыз отырғанын жеткізді. Айтуынша, қазіргі таңда ол жерге үй салып, қоныс тепкен 2 түтін бар. Бұл учаскелер инфрақұрылымсыз жер бермеу нормасы шыққанға дейін таратылған, сондықтан аймақ басшысы жалғыз екі үйге емес, 140 учаске бірдей жарық пен су тарту туралы тапсырма берді.

– Тапсырма бердім. Жобалық-сметалық құжатын жасаймыз. Оған қаржы бөлінді. Ол біткеннен кейін инфрақұрылым желісін тартуға қаражат бөлінеді. Ендігі жылы жұмысты бастаймыз деп ойлаймын. Қазір 1 млрд теңге 23-шағын ауданға бөлінді. Бірінші электр қуатын сонда береміз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Қабылдауда сонымен қатар, Самсоновкадан Жаңа-Троицк ауылы арасын жалғаған жолды жөндеу туралы өтініш қаралды. Облыс әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарын 22 шақырым жолдың жағдайын көзімен көріп, мәселенің басын ашу үшін өтініш білдірген Татьяна Шумскаямен бірге жіберді. Сондай-ақ, аталмыш жерде бірінші кезекте грейдермен тегістеу жұмысы жүргізілетінін жеткізді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Железнодорожные билеты подорожают в Казахстане

Читали: 25 data-ad-slot="1867841055">   Семей.18.01.”” –  В Казахстане с 1 марта 2021 года железнодорожные билеты …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ