1

Сұхбаттасу бақытына ие болған кейіпкеріммен кездеспей тұрып, осы адам туралы бірталай адамның пікірін сұрап, көптеген кітаптардың бетін парақтадым. Барлығы бұл азаматтың жақсы қасиеттерін айтып, асылдың сынығы екенін сөзге тиек еткен. Жақсылыққа жаны құмар, әңгімешіл, кез-келген жанға есігі әркез айқара ашық деп естігенім бар еді. Көзбе-көз жүздесу барысында, бұл айтылған сөздер дәлелін тауып, ол менің мақтан тұтатын тұлғаларымның біріне айналды деп айтсам, артық айтпағаным. Оны бүгінде Семейдің ғана емес, әр өңірдің жұртшылығы жақсы біледі. Ел арасында «Балтағаң», «Балтекең» деп атайды. Семей шаһарында көбінесе бұл кісінің атын айтудан бұрын «Абайдың жиені» дейді. Сөз астарымен кімді мегзеп отырғанымды сезген боларсыздар?!

Сонымен, менің қызмет бабымен алғашқы сұхбаттасқан кейіпкерім, ұлы Абайдың жиені, филолог, этнограф, өлкетанушы, журналист — Ерсәлімов Балтабек Бәзілұлы. Қара шаңырақта Балтабек атамыздың зайыбы Күлжиян апамыздың қолынан дәм таттым. Менің келетінімді алдын ала естіп, ақ дастарқанын жайқалтып қойыпты. Үстел басына жайғаса салысымен, өткенге шолу жасап, балалық шақтың қызықты сәттері мен өткен өміріне бірге сапар шектік.

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ