Домой / Новости / ВКО / Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмыс істей бастайды

Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмыс істей бастайды

data-ad-slot="1867841055">

 

Семей.29.05.”Semeyainasy”  –  Бүгін Семей қаласына жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов келді. Сапар барысында аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бүгін жарияланған бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында қарастырылған карантин тәртібінің кезең-кезеңмен жеңілдетулуі туралы айтты.

Сонымен, ертеңнен бастап Семей қаласында 30 орындық қоғамдық тамақтану нысандары, сондай-ақ жазғы алаңдар жұмыс істей бастайды.

“Кезекші топ режимінде” балабақшалар мен жеке және топтық дайындықтарға арналған мәдениет нысандары, сонымен қатар автомобильдерді және компьютерлік, тұрмыстық техниканы сату салондары, құрылыс материалдарын көтерме-бөлшек сату сауда орындары, сұлулық салондары, кір жуатын орындар жұмысқа қайта кірісетін болады. Кәсіпкерлік нысандарының үш түрінің жұмыс істеуін сақтау шешілді: ауданы 500 ш. м. аспайтын азық-түлік емес тауарлардың көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілері мен гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындары мен шаштараздар. Облыс басшысы атап өткендей, Семей қаласы бойынша алдағы шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады.

– Егер келесі апталарда бізде жағдай тұрақтанса, онда қосымша шешімдер қабылданатын болады. Бірақ қазір қала тұрғындарының өміріне қауіп төндіруге болмайды. Жағдай тұрақталса, карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Егер нашарласа, онда адамдардың өмірін қорғауға мүмкіндік беретін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз, – деді ШҚО әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 3 күнде Семей қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 23 жаңа жағдайы тіркелген. Қауіп аймағында 107 адам бар. Сондықтан ШҚО әкімі қажетті санитарлық шараларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде кәсіпкерлер қабылданған шешімді қолдап, санитарлық нормаларды өздері ғана емес, сонымен қатар олардың келушілері де сақтайтын болады деп сендірді.

– Біз үшін кәсіптің жұмыс істеуі өте маңызды. Жұмысымыз 16 наурызда тоқтады. Бүгінгі жиын барысында, бізге кейбір нысандардың қызметі қайта басталатындығы туралы айтып берді. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Сондай-ақ біз әкімнің ұсынысы бойынша арнайы кәсіпкерлер тобы құрып, қала әкімімен жұмыс істейтін боламыз. Енді әр сәрсенбі сайын жиналып, өз ұсыныстарымызды жеткіземіз. Біз кәсіпкерлер ретінде, сондай – ақ өз аудиториямызға вирустың таралуын бірге тоқтату үшін барлық санитарлық шараларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіреміз, – дейді қалалық кәсіпкерлер тобының мүшесі Зарина Айдарханова.

– Қазіргі уақытта, менің ойымша, бұл облыс әкімінің оң шешімі. Өйткені ол қандай ұсыныстарды енгізе алатынымызға назар аударды. Тиісінше, біз қажетті шараларды сақтауға тырысамыз. Біз, рестораторлар, ол үшін бәрін жасай аламыз, кіре берісте адамдардың санын шектейміз. Мұның барлығы азаматтардың өздерін тәрбиелеу сауаттылығы мен мәдениетіне және олар баратын мекемелердің иелеріне тікелей байланысты, – деді кездесу барысында рестораторлар атынан сөз сөйлеген Станислав Миталиди.

Кездесу соңында ШҚО әкімі санитарлық нормалардың сақталуының маңыздылығын атап өтіп, қала тұрғындары қажетті шараларды сақтаған жағдайда, жақын арада отбасылар бұрынғы өмір салтына оралатынына сенім білдірді.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы бас дәрігерінің 11-ші қаулысына сәйкес, шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар, 13 маусым сағат 00: 00-ге дейін ұзартылды. Сонымен бірге, Өскемен қаласының тұрғындары демалыс орындары мен отбасылық демалысқа орналған орындарда демалу мүмкіндігі қалады. Айтпақшы, бақылау-өткізу пункттері арқылы өту дүйсенбіден бастап, жексенбіден кешкі 9-ға дейін мүмкін.

Сонымен қатар, аудан ішіндегі автобустар өз жұмысын жүгізе алады. 13 маусымнан бастап, коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдай нашарламаса, демалушыларды қонақүйлерде, туристік лагерлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде және балалардың демалыс орталықтарында қабылдауға рұқсат етіледі. Әзірге, Семей қаласы үшін мұндай мүмкіндік жоқ.

Шекаралардың жабылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында демалу тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мүмкін болатындығын ерекше атап өткен жөн.

 

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Шанс спасти жизнь

Читали: 47 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 10.07. “Semeyainasy” – В Центре крови города Семей продолжается формирование списков …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ