Домой / Новости / ВКО / «SEMEI OPEN 2019» Республикалық пікір-сайыс

«SEMEI OPEN 2019» Республикалық пікір-сайыс

 Семей. 14.10.”Semeyainasy” – 12-13 қазан күндері Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде Республикалық «Semei open 2019», «Сенде бір кірпіш дүниеге…» атты пікір сайыс турнирі өтті.

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп отырған турнирдің ұйымдастырушы Семей жастары ассамблеясы қоғамдық бірлестікгі.Шараны қолдап отырған Жастар ресурстық орталығы мен Шәкәрім университеті. Іс-шараның негізгі мақсаты Семей қаласының әкімінің кубыгына арналған ұлы ақын Абай Құнанбайұлының175 жылдық мерей тойын насихаттау болып табылады.

  Турнирға еліміздің 7 аймағынан 84 команда  қатысты.Жалпы пікір сайысшылар саны 104 .Атап айтатын болсақ  қазақ лигасында 52 ,орыс лигасында 24 команда,ағылшын лигасында 8 команда ойын көрсетті. Республикалық турнирдің ерекшелігі жастар үш тілде пікір сайыс өткізді атап өтсек қазақ,орыс,ағылшы тілдерін қамтыды.Негізгі тақырыптар призиденттің жолдауына байланысты жастарға қатысты, қоғамға қатысты ойлар төңірегінде сонымен қатар әлемде болып жатқан өзекті мәселелер, жолдауындағы еріктілер жылын насихаттау көзделген жан-жақты қарарлар қамтылған .

 Республикалық пікір –сайсшылар еліміздің түпкір-түпкірінен Нұр-Сұлтан қаласынан «Парасат» дебат клубы, «Жеті жарғы» дебат клубы,Қарағанды қаласы «Бірлік» дебат клубы,Алматы қаласы «Жастар» дебат клубы,Орал қаласы «Ақиқат» дебат клубы,Теміртау қаласы «Абадон» дебат клубы,Өскемен қаласы «Ділмар» дебат клубы мен «Еркін сөз» деба клубы,Семей қаласының дебат клубы «Парасат» дебат клубы, «Конгрес» дебат клубы, «Салауат» дебат клубы, «Оратыр» дебат клубы, «Жастар» дебат клубы, «Авиценна» дебат клубы, «Жастар дауысы» дебат клубытары өзара әкім кубыгына өзара бақ сынасты.

  Турнирдің бас төрешісі Молдақашов Қуаныш пікір-сайыстың жастарға беретіні көп екендігін айта отырып,үш тілде өтетін сайыстың өзі бүгінгі пікірсайысшылардың қамтитын ауқымы мен білімінің зор екендігін көрсетеді деп өз пікірін білдірген болатын.

  «Сенде бір кірпіш дүниеге….» атты Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша нағыз майталман пікір-сайысшылар мыңнан озып шығып жүлделі орындарға ие болды.Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы, екінші орынды Қарағанды,үшінші орынды Семей қаласының пікір-сайысшылары иеленді.

   Нұрзат  Ғалбият

От Levi

Посмотрите также...

Где должна быть реклама?

Читали: 27 Семей. 13.11. “Semeyainasy” – По итогам двухлетней работы городского отдела архитектуры и градостроительства …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ