Домой / Новости / Город / XVIII халықаралық «Көзге Иртыш Моңнары» фестивалі өтуде

XVIII халықаралық «Көзге Иртыш Моңнары» фестивалі өтуде

data-ad-slot="1867841055">

FullSizeRender-27-10-17-06-19

Семей.27.10. “Semeyainasy” – Татар өнер мектебінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған XVIII халықаралық «Көзге Иртыш Моңнары» атты фестивальде өнерпаздар жас санаты бойынша сынға түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы фестивальге 600 адам қатысса, биыл қатысушылардың саны шамамен 150-дей ғана. Ресейдің Новосібір, Тобыл, Томск, Омбы қалалары мен өзіміздің Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха, Устиновка аудандарынан да өнерпаздар қатысуда.

Балалармен қатар ересектер де өнер додасының көркін қыздырды. Аспапта ойнау сайысына 47 адам қатысты. Оның ішінде 5 ансамбль ұжымы бар: татар өнер мектебінің домбырашылары мен скрипкашылары, ксилофоншылар ансамблі және балалар өнер мектебінің ансамблі. Сондай-ақ қол өнері және татар аспаздығы бойынша байқау өтіп, жеңімпаздар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Халықаралық байқаудың қорытынды кеші қалалық Мәдениет сарайында өтеді. Барлық жеңімпаздар осы мерекелік шарада марапатталатын болады.

Асель Қайырбекова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстанцам заплатят 34 миллиона тенге за сообщения о взятках

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Семей.03.03.”Semeyainasy” – Антикоррупционная служба может выплатить почти 34 миллиона …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ